Бүгін Қорғаныс министрлігінде Ақмола гарнизонындағы құрылымдық бөлімшелердің мемлекеттік тілді дамыту мамандарының қатысуымен бір күндік жиын болып өтті. Оған әскер түрлері мен тектерінің, департаменттердің, бас басқармалар мен басқармалардың мемлекеттік тілге жауапты өкілдері қатысты.
Бүгін Қапашағай гарнизонында ҚР ҚК ҚӘ Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Мұрат Майкеевтің басшылығымен өткен ҚР ҚК Құрлық әскерлерінің басшылық құрамының жедел-әдістемелік жиыны аяқталды.
Бірінші рет сегіз жылдық үзілістен кейін Қазақстанның Аэроұтқыр әскерлерінің десантшылары АН-12 әскери-көлік ұшағынан секірулер орындады.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығы қарсаңында Алматы гарнизоны әскери кафедраларының студенттері арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен дене шынықтыру іс-шарасы өтті. Аталмыш шара қазақстандық әскердің 20 жылдық мерейтойы мен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығына орай ұйымдастырылды.
Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің 20 жылдық мерейтойы мен Ұлы Отан соғысындағы жеңістің 67 жылдығына орай Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басшылығы, қызметкерлері және студенттері әскери кафедра аумағында салтанатты рәсімде қылтанақты ағаштар саяжолын отырғызды.
1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 67 жылдығы күні Астанада елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Отан қорғаушылары» монументіндегі «Мәңгі алауға» гүл шоқтарын қойып, қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды. Салтанатты рәсімге Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков пен қазақстандық армияның басшылар құрамы қатысты.
Семейліктер Отан қорғаушы күнін биыл ерекше тойлап өтті. 7 мамыр күні кешқұрым Семейдің орталық алаңы үлкен бір бал залына айналды. 180 жас жұптар бұрыңғы әуендерге вальс биледі. Қазақстан Республикасы Қарулы күштеріне 20 жыл толу мерейтойына орай ұйымдастырылған шараны іске асырушы – «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы.
Астанадағы «Қазақстан» Орталық концерт залында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 20 жылдығына арналған жиналыс және мерекелік концерт болып өтті. Отан қорғаушыларды Елбасы – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев қатысты.
|
|
|
|
|
Страница 1 из 2 |