• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ереже

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған
«Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны туралы
ЕРЕЖЕ

1-тарау. Жалпы ереже

1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің
25 жылдығына арналған «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу тәртібі мен шартын белгілейді (бұдан әрі – «Айбын» әскери-патриоттық жиыны).
2. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны 2016 жылғы 13-18 маусымда Қарағанды облысының Спасск елдімекенінде өткізіледі.
3. «Айбын» әскери-патриоттық жиынды ұйымдастыруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Қазақстан Білім және ғылым министрлгі, Астана, Алматы қалаларының және облысчтардың әкімдіктері, Қарулы Күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы, Республикалық жас армияшылар бірлесітігінің штабы, «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жүзеге асырады.

2-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының мақсаттары мен міндеттері

4. «Айбын» әскери-патриоттық жиыны мынадай мақсатта жүргізіледі:
1) Жастар арасында әскери-патриоттық жұмысты жетілдіру;
2) Қазақстан Республикасында жас армияшылар қозғалысын, әскери қызметті насихаттауды дамыту және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің беделін арттыру.

5. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының міндеттері мыналар болып табылады:
1) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесінің қызмет ету тиімділігін арттыру, әскери-патриоттық клубтардың қызметін және олардың әскери басқару органдарымен өзара іс-қимылын үйлестіру;
2) жастарды Қарулы Күштердегі әскери қызметке дайындау, оларды әскери қызмет өткеру кезінде қажетті дағдылар мен икемдіктерін қалыптастыру;
3) салауатты өмір салтын насихаттау, физикалық жетілдіру, жастарды әскери-қолданбалы және техникалық дайындау.

3-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар

6. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына мыналар қатыса алады:
1) 14-тен 18 жасқа дейінгі әскери-патриоттық клубтар тәрбиеленушілері – медициналық рұқсаты бар әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша өңірлік жарыстардың жеңімпаздары (өңірден – 20 адам, олрдың ішінде 15 бозбала мен 5 қыз, әскери-патриоттық клуб басшысының және Қорғаныс істері жөніндегі департаменті өкілінің ілесіп жүруімен);
2) 14-тен 18 жасқа дейінгі әскери мектеп интернаттарының, «Жас ұлан» республикалық мектептерінің және «Арыстан» арнайы лицейінің тәрбиеленушілері (команда құрамы – мектеп басшысының (басшының орынбасары) және мектеп оқытушысының ілесіп жүруімен 20 бозбала);
3) медициналық рұқсаты бар 18-ден 23 жасқа дейінгі жастардан тұратын жоғары оқу орындары әскери кафедраларының студенттері (команда құрамы – 8 бозбала және 2 қыз ЖОО әскери кафедрасы оқытушысының ілесіп жүруімен).

4-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысу шарты

7. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін команда
23 мамырға дейін: 010000, Астана қаласы, Достық көшесі, 14 үй, факс: 8(7172) 50-41-97 мекенжайы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне өтінім береді.
8. Командалар жетекшілері 31 мамырдан кешіктірмей 8(7172) 72-16-36, 8(7172) 72-11-50 телефондары бойынша келу күні мен уақыты, көлік түрі ұйымдастырушыларға хабарлауы тиіс. «Айбын» әскери-патриоттық жиынға қатысушылар оның өткізу орнына алдын ала келеді.
9. Командалар жеке және командалық жарақтарымен келеді:
1) үш киім нысанының жиынтығы – парадтық, далалық, спорттық;
2) аяқ киім – далалық және саптық сабақтар үшін, спорттық, күнделікті;
3) бас киімдер;
4) әр қатысушыға тактикалық ойын үшін жарақ: АК-74 автоматының макеттері, газға қарсы тұмшалағыш, суға арналған құты;
5) командалар үшін: компас, белгі беретін екі жалауша, қарындаштар, санитарлық сөмке;
6) жеке гигиена заттары.
10. Жіберетін тарап команданың «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысуға жиынға қатысушылардың Қарағанды қаласына және кері қайтуына жолақысын төлеу бөлігінде шығыстарын қарастырады.
Қатысушылардың және ілесіп жүрушілердің тамақтануы, тұруы, ұйымдастыру шығыстары «Айбын» әскери-патриоттық жиынын ұйымдастырушылары есебінен көзделеді.

5-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының бағдарламасы

11. Конкурстық бағдарлама:
1) өңірлерден келген әскери-патриоттық клубтарының өз жетістіктерін көрсетуі;
2) әскери мектеп-интернаттарының өз мектептерін көрсетуі;
3) жоғары оқу орындары әскери кафедраларының өзінің оқу-материалдық базасын, өз ЖОО-нын және өз мамандықтарын көрсетуі;
4) ұлттық тарихты, негізгі даталар мен Қазақстан Республикасының қалыптасуындағы айтулы оқиғаларды, Қарулы Күштердің тарихы мен қазіргі кезеңде дамуын, әскери іс негіздерін, қару-жарақ пен әскери техника үлгілерін және т.б. білуіне викториналар мен конкурстар.

5) роботтық техника бойынша «Менің роботым» сайысы;
6) аймақтық әскери-патриоттық клубтардың көрнекті құралдар (саймандар, спорт бұйымдары, клубтардың қызметі туралы стендтер және т.б.),әскери-патриоттық клубтар әзірлеген ұшақтар, кемелер, әскери техника моделдерінің көрмесі;
7) сайыс және«Айбын жұлдызы» кинопремиясын тапсыру;
12. Спорттық бағдарлама әскери-қолданбалы спорт түрлерінен сайысты, әскерилендірілген эстафета және әскери-далалық тактикалық ойынды қосады.
13. Сайыстарды, жарыстарды және әскери-далалық тактикалық ойынды өткізу шарты жиынды өткізу регламентінде көрсетілген.

6 тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының басшылығы

14.Жиынының басшылығы:
1) «Айбын» әскери-патриоттық жиынды ұйымдастыру және өткізу жалпы мәселелерін қарайды;
2) іс-шараларды өткізу тәртібін анықтайды;
3) «Айбын» әскери-патриоттық жиынды ұйымдастыру және өткізуге байланысты басқа да функцияларды орындайды;
4) қажеттік бойынша «Айбын» әскери-патриоттық жиынның бағдарламасына өзгерістер енгізеді.

7 тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының штабы, төрешілер бригадасы

15. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының штабы жиынның басшы мен оның орынбасарларынан тұрады:
1) «Айбын» жиынын өткізуге байланысты мәселелерді шешеді;
2) комагнда мүшелеріінің тіршілік әрекеттерін қамтамасыз етумен айналысады (қарсылау, орналастыру, тамақтандыру, тылдық, техникалық, медициналық және ақпараттық қамтамасыз ету)
3) «Астана» өңірлік қолбасшылығы және СК-АОСК құрамынан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынына төрешілер бригадасын құрайды;
4) кокурстар, жарыстар және әскери-далалық тактикалық ойындарды ұйымдастырып өткізуді жүзеге асырады;
16. Төрешілер бригадасы Бас төрешіден, хатшыдан және төрешілер бригадасы мүшелерінен тұрады. Төрешілер бригадасы келесі функцияларды атқарады:
1) әр команданың «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынындағы конкурстардағы және жарыстардағы қатысуын нағыз Ереженің негізінде бағалайды;
2) жеңімпаздарды анықтайды;
3) конкурстардың қортындысын шығарады;
4) даулы сұрақтарды шешеді.
17. Төрешілер бригадасы конкурстарды, жарыстарды және әскери-далалық тактикалық ойындарды өткізу шарттарына, өздерінің компетенция аумағында, ұсыныс енгізуге құқылы.
18) Төрешілер бригадасы шешімі хаттамамен рәсімделіп және Бас төрешінің қол қоюуымен бекітіледі.
19) Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны ашылуы күнгі бірінші кеңесте командалардың жарыстардағы қатысу нәтижелеріне байланысты сұрақтарды анықтауға төрешілерге үндеулер және Бас төрешіге протестер беру тәртібі хабарланады.

8-тарау Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынында салынатын тиымдар

20. Конкурс, жарыста және тактикалық ойын өту барысында (нұсқамалар басынан және жеребе салу хаттамасы өңделіп аяқталғанша) команда басшыларына тиым салынады:
1) төрешілер жұмысына араласуға;
2) өз командасына көмектесуге, егерде төрешілерден сұраныс болмағанда;
3) жарыстар аумағында болуға, егерде алдын-ала келісілген болмаса;
4) әскери-патриоттық клубтардың мүшелері емес қатысушыларды конкурсқа қатыстыруға (әскери мектеп-интернат оқушыларын, ЖОО әскери кафедра студенттерін)
21. Төрешілермен атап өтілген бұрмалаушылықтың ең болмаса біреуін белгілесе команданың нәтижесі есепке алынбайды, және ол команда осы жарыста соңғы орынға ие болады.

9-тарау. Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиынын қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау

22. Қорытынды әр конкурсқа, жарыстар түрлерінде әр топта жүргізіледі. Айбын» республикалық әскери-патриоттық жиыны командалар озығы қорытындысы, командалардың конкурстар және жарыстардағы соммасы ең көп балл жиғанмен анықталады. Егерде екі және оданда көп командалардың балл саны тең болған жағдайда, ықылас интелектуальды конкурста ең жақсы нәтиже көрсеткен командаға беріледі.
23. Командалық жарыс қорытындысы бойынша I орын алған команда бағалы сыйлықпен марапатталады.
24. Командалық жарыс қорытындысы бойынша I, II, III, орын алған командалар кубок және грамоталармен марапатталады.
25. Жеке жарыс түрлерінен және конкурстарда I, II, III, орын алған командалар вымпелдер және грамоталармен марапатталады.
26. Әр конкурстарда және жарыстарда I, II, III, орын алған қатысушылар медальдер және грамоталармен марапатталады.
27. әскери-далалық тактикалық ойында I, II, III, орын алған қатысушылар вымпелдер және грамоталармен марапатталады.
28. Диплом және қатысқаны үшін белгісі барлық жиынға қатысушыларға тапсырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві