• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Ереже

«Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиыны

1-тарау. Жалпы ережелер

   1.1 Осы Ереже 2019 жылы «Айбын» Республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын (бұдан ары - «Айбын» әскери-патриоттық жиыны) өткізу шарттарын жэне тәртіптерін анықтайды.
   1.2 «Айбын» эскери-патриоттық жиыны 2019 жылдың 10-15-ші маусым аралығында Қарағанды облысының «Спасск» оқу-жаттығу орталығында өткізіледі.
   1.3 «Айбын» Республикалық эскери-патриоттық жиынын үйымдастыру Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен, Нурсултан, Алматы жэне Шымкент облыс экімдіктерінің, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер эскери-патриоттық қозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің қолдауымен іске асырылады.

2-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының мақсаттары мен міндеттері

   2.1 «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын өткізудің мақсаты:
     1) жастар арасында әскери-патриоттық жумыстарды жетілдіру;
     2) Қазақстан Республикасында эскери-патриоттық тэрбиені дамыту, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің мәртебесін көтеру және эскери қызметті насихаттау.
   2.2 «Айбын» эскери-патриоттык жастар жиынының міндеттері:
     1) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жүйесін іске асыруды дамыту, «Жас Сарбаз» әскери-патриоттық клубтар мен сыныптардың қызметін үйлестіру және олардың әскери басқару органдарымен қарым-қатынасын бақылау;
     2) жастарды Қарулы Күштердің әскери қызметіне дайындау, эскери қызметін өтеуде олардың дағдылары мен эрекеттерін қалыптастыру;
     3) салауатты өмір салтын насихаттау, дене шынықтыруды жетілдіру, жастардың эскери-қолданбалы жэне техникалык дайындыққа дағдылау.


3-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысушылар
«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатыса алатындар:
     1) дәрігерлік рұқсаты бар әскери-патриоттық клубтардың 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерден құралатын аудандық әскери-қолданбалы спорт түрі бойынша сайыс жеңімпаздары (15 адамнан, олардың 10 ұл жэне 5 қыз, әскери-патриоттық клубтың екі жетекшісі сүйемелдеуімен жүреді жэне Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері;
     2) дэрігерлік рүқсаты бар әскери-патриоттық клубтардың 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер эскери бөлімшелер мен мекемелерде құрылған Қарулы Күштері түрлері, өңірлік қолбасшылықтар, эскер тектері, ҚР ҚК құрылымдық бөлімшелері, басқа әскерлер жэне эскери қүралымдардың әскери- патриоттық жастар жиыны бойынша сайыс жеңімпаздары (15 адамнан, олардың 10 ұл жэне 5 қыз, әскери-патриоттық клубы екі жетекшісінің сүйемелдеуімен жүреді, командирдің (бастықтың) тәрбие жэне идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары);
     3) дэрігерлік рұқсаты бар 14 жастан 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерден құралатын Республикалық эскери мектеп-интернаты, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Жас ¥лан» республикалық мектебі жэне «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тэрбиеленушілері (команда қүрамы - 15 адам, мектептің екі мұғалімі жэне мектеп басшысы (басшының орынбасары) бірге жүреді;

4-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысу шарттары:
   4.1 «Айбын» әскери-патриоттық жиынына қатысу үшін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық эскери-патриоттық орталығына 010000, Нүр-Сұлтан қ., Республика даңғылы, 2 үй, факс: 8(7172)44-26-09, patriotkz2017@gmail.com мекен-жайы бойынша 10-ші мамырға дейін өтініш береді.
   4.2 Команда жетекшілері 1 маусымнан кешіктірмей келетін күндері жэне уақыттары, көлік түрлері туралы мәліметтерді ұйымдастырушыларға 8(7172)44- 25-97, 8(7172)44-25-81 телефондары, patriotkz2017'@,com. мекен-жайы бойынша хабарлауы керек.
   4.3 «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынына қатысушылар өткізілетін орынға 2019 жылғы 9 маусымда сағат 18-ге дейін болулары тиіс.
   4.4 Команда жеке құрамдық жэне командалық жабдықтарымен келеді:
     1) киім үлгісінің үш жиынтығы -күнделікті, далалық жэне спорттық;
     2) аяқ киім - күнделіктІ (сары түсті биік қонышты бәтеңке) далалык жаттығуларға арналған (қара түсті биік қонышты бәтеңке), спорттық;
     3) жеке гигиеналық заттары;
     4) әскери - далалық тактикалық ойындар үшін жабдықтар эр қатысушыға: АК-74 автоматының макеты, газ тұтқыш, су үшін тостаған;
     5) топтар үшін: компас, сигналдық қос тулар, блокноттар, қарындаштар, санитарлық сөмке, пневматикалық винтовкалар (3 бірлік) механикалық көздеумен (командалардың қалауы бойынша).
   4.5 «Айбын» әскери-патриоттық жиынга катысатын топтардың шыгындары, Қарағанды қаласына дейінгі жэне қайту жолақылары жіберушілер тараптарымен қамтамасыз етіледі.
   4.6 Жиынға қатысушылардың тұратын жері, тамақтануы «Айбын» әскери- патриоттық жиынын үйымдастырушылар есебінен қамтамасыз етіледі.

5-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының бағдарламасы
  5.1 Жарыс багдарламасы:
     1) эскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстар;
     2) әскерилендірілген эстафета;
     3) «IQazaqstan» интеллектуалдық ойын (АйкьюҚазақстан);
     4) «Мепіп robotym» робототехника бойынша жарыс (Менің роботым);
     5) «Aibyn dayysy» жарысы (Айбын дауысы);
     6) эскери-далалық тактикалық ойын.

   5.2) Әскери-далалық тактикалық ойындар жэне сайыстар, жарыстар өткізу шарттары жиынның өткізілу регламентінде көрсетілген. (Қосымша)

6-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының басшылығы және төрешілер бригадасы
   6.1 «Айбын» эскери-патриоттық жиынының басшылыгын жиын басшысы жэне оның орынбасарлары құрайды:
     1) «Айбын» жиынын өткізуге байланысты сұрақтарды шешеді;
     2) «Айбын» әскери-патриоттық жиынды өткізу жэне үйымдастыру бойынша жалпы сұрақтарды қарайды;
     3) іс-шараларды өткізу тэртібін анықтайды;
     4) команда мүшелерін тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуімен айналысады (орналастыру, тамақтандыру, медициналық, бағдарламалық жэне ақпараттық қамтамасыз ету);
     5) әскери-далалық тактикалық ойын, жарыстар мен сайыстар дың ұйымдастыруды жүзеге асырады.
     6) «Айбын» әскери-патриоттық жиынының төрешілер бригадасын ҚР ҚК-нің Бас штабы Жауынгерлік даярлық департаментінің, ҚР Қорғаныс министрлігі Армия орталық спорт клубы - Спорттық клубының жэне «Астана» аймақтық қолбасшылығының әскери қызметшілері қатарынан қалыптастырады.
   6.2 Төрешілер бригадасын бас төреші, хатшы және төрешілер бригадасының мұшелері кұрайды, Төрешілер бригадасы келесі қызметтерді атқарады:

     1)«Айбын» әскери-патриоттық жиынының сайыстарына жэне жарыстарына қатысқан эр командаға баға береді;
     2) жеңімпаздарды анықтайды;
     3) жарыстың қорытындысын шығарады;
     4) даулы сұрақтарды шешеді.

6.3Төрешілер бригадасы өз қүзыреті шегінде эскери-далалық тактикалық ойын, сайыстар жэне жарыстар өткізу шарттары бойынша ұсыныстар енгізуге кұкылы.
6.4 Төрешілер бригадасының шешімі хаттамамен бекітіліп, бас төрешінің қолымен қойылады.
6.5 Бас төрешіге наразылық білдіру жэне сайыстағы командалар қойылымдарының нэтижелеріне байланысты мәселелерді анықтау үшін төрешілерге өтініштер беру тэртібі «Айбын» әскери-патриоттық жиыны ашылуындағы команда жетекшілерінің бірінші отырысында хабарлайды.
6.6 Тактикалық ойынды, сайыстар жэне жарыстарды өткізу кезінде (нұсқама мен жеребе тастау басталғаннан бастап хаттамаларды өңдеу аяқталғанға дейін) командалар басшыларына тыйым салынады:

1) төрешілер жұмысына кедергі келтіруге;
2) төрешінің өтініші болмаса, өз тобына көмектесуге;
3) алдын ала келіспеген жағдайда, жарыс аймағында болуға;
4) эскери-патриоттық клубтардың мүшелері («Жас ¥лан» республикалық мектебінің, Қазақстан Республикасы эскери мектеп-интернаттарының оқушылары) болып табылмайтын қатысушыларды жарыстарға қатыстыруға болмайды.

6.7 Төрешілер аталған бұзушылықтардың ең болмағанда біреуін тіркеген жағдайда командаға нэтиже есептелмейді жэне сол жарыста соңғы орынды алады.

7-тарау. «Айбын» әскери-патриоттық жиынының жеңімпаздарын қорытынды шығару және оларды марапаттау

7.1Қорытынды үш топ бойынша жарыстардың әрбір түрі бойынша шығарылады, бірінші топ - өңірлердің эскери-патриоттық клубтарының тәрбиеленушілері, екінші топ - әскери бөлімдер мен мекемелердің жанынан құрылған әскери-патриоттық клубтардың тэрбиеленушілері, үшінші топ - әскери мектеп-интернаттардың жэне «Жас ¥лан» республикалық мектептерінің тэрбиеленушілері.
7.2 «Айбын» эскери-патриоттык жиынындағы қорытынды командалық біріншілік сайыстар мен жарыстарда командалар жинаған орындардың ең аз сомасы бойынша анықталады. Екі жэне одан да көп командаларда ұпай саны тең болған жағдайда, әскерилендірілген эстафетада үздік нәтиже көрсеткен командаға артықшылық беріледі.
Қандай да бір жарысқа немесе сайысқа қатыспайтын команда барлық жарыстар мен сайыстарға қатысқан командалардан кейін орын алады. Жарыстардың жекеленген түрлерінде, жеке есепте үздік нәтиже бойынша жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады.
7.3 Әскери-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстардың қорытындысы бойынша эр топта бірінші орын алған командалар әскери- далалық тактикалық ойынға қатысады, оның қорытындысы бойынша «Айбын» республикалық әскери - патриоттык жиынының абсолюттік жеңімпазы (Гран- при иегері) анықталады.
7.4 Гран-при алған команда кубокпен, медальдармен, грамоталармен жэне бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Командалық біріншілікте I, II, III орын алған командалар кубоктармен, медальдармен, грамоталармен жэне бағалы сыйлықтармен марапатталады.
Жарыстар мен сайыстардың жеке түрлерінде I, II, III орын алған командалар кубоктармен жэне грамоталармен марапатталады.
Жеке жарыстарда I, II, III орын алған қатысушылар медальдармен жэне грамоталармен марапатталады.
Жиынның барлық қатысушыларына қатысқаны үшін дипломдар.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама