• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

07 наурыз, 2018

Астанада Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнінен арналған мерекелік іс-шара өтті.

Іс-шараға Қорғаныс министрлігі мен ҚР ҚК Бас штабының басшылығы, Қазақстан Қарулы Күштерінің ардагерлері және шақырылған меймандар қатысты.

«Бүгінде әйел әскери қызметшілер Қарулы Күштердің барлық түрлері мен әскер тектерінде ұсынылған. Олар ерлермен иық теңестіріп, қолдарына қару ұстап жауынгерлік кезекшілікке түседі, әртүрлі лауазымдардағы міндеттерді орындайды және барлық жерде өздерінің әскери борышын үлгілі орындайды. Жоғары кәсіби сәттіліктерге қол жеткізіп, Сіздер әсемдік қалыптарыңызды жоғалтпай, отбасылық тыныштықты сақтап, болашақ ұрпақтың қамын ойлайсыздар. Сіздерді көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтаймын! Сіздерге мықты денсаулық, мәңгі жастық шақ, сұлулық пен жұмыста табыс тілеймін», - деп ҚР Қорғаныс министрі қазақстандық армияның қырмызы аруларын құттықтады.   

Салтанатты шара барысында қызметтік міндеттерін үлгілі орындағандары үшін бірқатар әйел әскери қызметшілерге құрмет грамоталары мен медальдар табыс етіліп, сондай-ақ мерзімінен бұрын әскери атақтар берілді. 

Салтанатты құттықтау рәсімі мерекелік концертке ұласты. ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың сахнасында Орталық әскери ансамбльдің әртістері мен қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Шығармашылық ұжымдар әйел әскери қызметшілерге арнап отандық және шетелдік сазгерлердің музыкалық шығармаларын орындады. Халықаралық әйелдер күніне орай Қазақстан Қарулы Күштерінің барлық әскери бөлімдері мен мекемелерінде дәстүрлі түрде мерекелік шаралар өтуде. Үздік әйел әскери қызметші офицерлер мен сержанттарды атап өтіп, қазақстандық армияның нәзік жанды аруларын құттықтап, марапат көрсетілуде.

1281
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН