Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінде 22 штаттық әскери оркестрлер өз кәсіби қызметін атқарады.
Әскери оркестрлердің негізгі мақсаты – жеке құрамды әскери-патриоттық және мәдени тұрғыдан тәрбиелеу, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында әскери қызмет атқаруды насихаттау, әскери салт-дәстүрлерді қамтамасыз ету және концерттік қызмет.
ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметіне жүктелген негізгі міндеттердің бірі – штаттық әскери оркестрлердің кәсіби қызметіне әдістемелік жетекшілік ету.
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің осы күнгі өмірі мен оқу жұмыс күндерін сипаттайтын жаңа шығармалар мен аранжировкаларды жасау жөнінде Қазақстан Республикасының кәсіби және көркемөнер компазиторларымен жұмыс жүргізіледі.
ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметі істерінің негізгі бағыттары:
- әскери дирижерлер мен музыканттардың арнайы дайындық деңгейін көтеру;
- бөлімдер мен құрамалардың, орталық ұжымдардың әскери оркестрлерінің әскери жастарды әскери-патриоттық және мәдени тәрбиелеуге бағытталған белсенді шығармашылық қызметі;
- Оркестр бастықтары – әскери дирижерлерді даярлау және оқу-әдістемелік жиындар өткізу;
- ҚҰазақстан мен басқа елдердің шығармашылық ұжымдарымен және ұйымдарымен өзара қатынасты дамыту;
- ҚР ҚК әскери оркестрлерінің үрмелі аспаптар оркестрлерінің Халықаралық және Республикалық фестивальдеріне, әскери шерулерге, жауынгерлік шерулер мен басқа да мемлекеттік маңызы бар салтанатты іс-шараларға қатысуы.
ҚР ҚК-нің негізгі шығармашылық ұжымдарының бірі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің орталық әскери оркестрі ҚР Қорғаныс министрінің 1995 жылғы 8 қарашадағы Директивасына сәйкес құрылды. 2012 жылы ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметі мен ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі Алматы қаласынан Астана қаласына көшірілді. Осы күні ҚР ҚМ ОӘО-ның қатары кәсіби музыканттармен толығуда, қызметтік-саптық және концерттік репертуарды үйрену бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Әлемдік музыканың үздік дәстүрлерін сақтай отырып, басқа елдер компазиторларының музыкаларын көпшілікке тарата отырып, ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі қазақ ұлттық әуеніне негізделген музыкалық шығармаларды тудыруға, оркестр құрамына ұлттық үрмелі және соқпалы аспаптарды қосуға мүмкіндік жасайды, Қазақстанның қазіргі композиторларының көбімен бірге белсенді қызмет істейді.
ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі респуликада өтетін қоғамдық мәні бар барлық іс-шараларға тұрақты түрде қатысып қана қоймай, ҚР ҚК Әскери-оркестрлік қызметінің оқу-әдістемелік орталығына да айналды деуге болады. Әскери дирижерлер мен музыканттар қазақстандық өнерді насихаттау ісіне зор үлес қосуда. Олардың табысты және игілікті істерінің арқасында ҚР ҚМ Орталық әскери оркестрі мемлекетіміздің ең үздік шығармашылық ұжымдарының бірі ретінде танылды. Концерттік қызмет, Қазақстанның қазіргі композиторларының шығармаларын көпшілікке тарату оркестрдің шығармашылық жұмысында үлкен орын алады. Оркестр өз жұмысының барысында басқа мекемелердің ұжымдарымен, музыканттарымен және дирижерлерімен тығыз шығармашылық байланыс қалыптастырды. Бүгінде оркестрде еңбек келісімшарты бойынша және келсімшарт бойынша әскери қызметтегі музыкант-орындаушылар мен дарынды жастар қызмет атқарады. Ұжымның әрі қарайғы шығармашылық жоспарлары өте кең және әр алуан. Мүмкін, оркестрдің дирижерлері мен музыканттарының ықтиятты жұмысының арқасында осы ұжымның аты келешекте тыңдаушылардың бұдан да кең ауқымына танылады деп сенеміз.