• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 қыркүйек, 2019

Әскери спортшылар 2020 жылғы Олимпиада ойындарына лицензия алды

ҚР Қорғаныс министрлігінің АОСК-СК спортшылары Асхат Ділмұхамедов пен Мейрамбек Айнағұлов Олимпиадалық ойындарға қатысу үшін олимпиадалық нормативтерді орындады. Қазақстан Республикасы құрамасының мүшелері Нұр-Сұлтан қаласындағы «Барыс Арена» спорт кешенінде өтетін күрестен әлем чемпионатына қатысады. Бұл Токиода өтетін 2020 жылғы жазғы Олимпидалық ойындардың іріктеу сайысы болып табылады.

Асхат Ділмұхамедов чемпионаттың жартылай финалында 44 кг салмақ дәрежесінде шығып, Олимпиадалық ойынға жолдама алды.  ¼ финалда Асхат сербиялық спортшы Виктор Немештен басым түсіп, жекпе-жек 4:3 есебімен Асхаттың пайдасына шешілді. Сонымен қатар алдыңғы раундта екі дүркін олимпиада чемпионы Роман Власовты (РФ) турнирда жеңіп, Әлем чемпионатында таңғаларлық ойын көрсетті.

Екінші әскери спортшы Мейрамбек Айнағұлов 60 кг салмақ дәрежесінде әлем чемпионатының жартылай финалына өтіп, грек-римдік күресте 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысу үшін нормативті орындап шықты. Мейрамбек бірінші жекпе-жегін Бразилияның атынан өнер көрсеткен Марат Гариповпен өткізді. Айнағұлов қарсыласын 9:0 есебімен сенімді жеңіске қол жеткізді.

Қорғаныс министрлігінің спортшысы екінші тартыста литвалық Юстас Петравичусті 4:2 есебімен жеңісті қанжығасына байлады. Төрттік финалдағы ойында Мейрамбек Хорватия спортшысы Иван Лизотовичтен басым түсіп, тағы бір мәрте жеңіске жетті. Айнағұлов тек жартылай  финалда ғана ресейлік Сергей Емелинге басымдық берді. Ендігі Айнағұлов пен Ділмұхамедов қола жүлде үшін сайысқа түсетін болады. Жекпе-жек 17 қыркүйекте өтеді.

Келесі Олимпиадалық ойындардың қатысушысы атану үшін олимпиадалық салмақ дәрежелері бойынша үздік алтылықтың құрамында болу қажет екендігін айта кетейік.

296
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві