• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Басқа да құжаттар

18 қазан, 2018

 «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі мен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі арасында ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл туралы КЕЛІСІМ

  1. Осы Келісім «Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы заңының негізінде қоғамдық бірлестіктің ынтымақтасуы және өзара іс-қимыл жасауы үшін жасалды.
  2. «Қарулы Күштердің ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – «ҚК ардагерлері» РҚБ) жәнеҚазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – ҚР ҚМ) басшылығы Бірлестіктің Жарғысына және
    ҚР ҚМ туралы ережеге сәйкес өз қызметін жүзеге асыра отырып, өз құзыреті шегінде өзара ынтымақтастыққа әзірлігі туралы жариялайды.
  3. Осы Келісім «ҚК ардагерлері» РҚБ және ҚР ҚМ басшылығының бірлестіктің дамуы үшін қажетті шараларды, заңнамамен көзделген белгіленген жұмыстарды орындау және оларды іске асыру кезінде өзара іс-қимыл жағдайларын бірыңғай түсінуді білдіреді.
  4. Ынтымақтастың негізгі мақсаттары мыналар болып табылады:
  • «ҚК ардагерлері» РҚБ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін іске асыру және қорғау, ҚР ҚМ-нің бірлестік мүшелерінің әлеуметтік пен тұрмыстық проблемаларын шешуге көмектесу, рухани және өзге қажеттіліктерін қанағаттандыру, денсаулығын, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, еңбек құқықтары мен бостандықтарын қорғау, олардың белсенділігін дамыту, кәсіби мүдделерді қанағаттандыру;
  • екі Тараптың әлеуметтік, қайырымдылық, білім және өзге де қоғамдық-маңызды іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін шешудегі әлеуеттер мен бастамаларды дұрыс қолдануда Тараптардың іс-қимылдарын үйлестіру, жүйелендіру және шоғырландыру.
  • «ҚК ардагерлері» РҚБ мүшелерінің мемлекеттік пен шаруашылық органдармен, қоғамдық ұйымдармен, кәсіпкерлермен, олардың бірлестіктерімен (одақтармен, ассоциациялармен) өзара қарым-қатынаста құқықтары мен мүдделерін ұсыну және қорғау, сотта атынан шығу және
    «ҚК ардагерлері» РҚБ мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың мүдделерінде Қазақстан Республикасының барлық соттарында ұсыну, оларға өзге де құқықтық көмекті көрсету, заңды консультацияларды және басқа да құқықтық көмек қызметтерін құру, жеке және еңбек дауларын (шиеленістерін) қарауға қатысу;
  • Қызметтерді сапалы ұсыну, салауатты өмір салтын насихаттау,
    жас ұрпақты және еліміздің азаматтарын патриоттық тәрбиелеу, арадагерлерді және мемлекет алдында ерекше еңбектері бар адамдарды моральдық-психологиялық қолдау;
  • заңнама бастамасы тәртібінде мемлекеттің заңнамалық және атқарушы органдарына енгізу үшін ардагерлердің проблемалары бойынша ұсыныстарды әзірлеуде ҚР ҚМ басшылығына, ҚР ҚК, әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылығына көмек көрсету;
  • қолданыстағы заңнаманы, сондай-ақ нормативтік актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеуге қатысу, нормативтік құқықтық актілерді тиімді пайдалануда көмек көрсету;

Осы Келісімді орындау мақсатында өзара сыйласу, теңдік және қызметтің транспаренттілігі қағидаттары негізінде Тараптар өзара ынтымақтастық саласын айқындайды және төмендегі туралы келісті:

  1. Аталған міндеттерді іске асыру мақсатында тараптар бірлесе мынадай бағыттарда іс-қимыл жасайды:
  • қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзара іс-қимылды және ынтымақтасты жүзеге асыру;
  • әртүрлі қызметтерді ұсыну мәселелеріне қатысты сапалы ақпаратты ұсыну және қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты реттеу;
  • әлеуметтік бағыттағы бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және оны өткізу;
  • әскери-патриоттық тәрбиелеу жөніндегі іс-шараларды іске асыру;
  • әскерге дейінгі және әскерге шақырылатын жастарды әскери қызметке дайындауын үйлестіру;
  • проблемаларды анықтау және талқылау мақсатында кездесулер, оларды шешу бойынша, сондай-ақ бірлескен қызметті түзету бойынша бірлескен шараларды жүргізу;
  • бірлескен бағдарламаларды іске асыруда және оларды одан әрі дамытуда барынша көмектесу.
  1. Осы Келісім Қазақстан Республикасының мемлекеті және оның азаматтары мүддесінде қоғамдық-маңызды проблемаларды шешуге бағытталған. «ҚК ардагерлері»РҚБ мүдделеріне қатысты мәселелер ҚР ҚМ-мен келісім бойынша шешіледі.
  2. Осы Келісімге сәйкес Талаптардың өзара іс-қимылы Тараптардың мүдделерін сыйлау, теңдігі, бірыңғай көзқарастары мен кез-келген міндеттерді шешуде конструктивті бастамасын дамыту қағидаттарында жүзеге асырылады.

«Қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасының
1996 жылғы 31 мамырдағы заңының 4-бабының талаптарына сәйкес ҚР ҚМ-нің «ҚК ардагерлері» РҚБ-нің істеріне, сондай-ақ Бірлестіктің ҚР ҚМ-нің істеріне заңсыз араласуына жол берілмейді. Бірлестікке мемлекеттік органның қандай да бір функциясын жүктеуге тыйым салынады.

  1. Келісім мемлекеттік және орыс тілдерінде, екі данада жасалған.
    Осы Келісімге барлық өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер басқа Тараптың келісімімен кез-келген уақытта жазбаша түрде енгізіледі және Тараптардың уәкілетті өкілдерімен қол қойылады. 
  1. Осы Келісім Тараптардың қол қойған сәтінен бастап күшіне енеді.
  2. Келісімге қол қойған Тараптардың бірі қандай да бір себеп бойынша ынтымақтастыққа өзінің қатысуын тоқтатқысы келсе, онда ол екінші Тарапқа 30 күн бұрын өзінің ниеті туралы хабарлау қажет.
  3. Осы Келісім бір жыл мерзіміне жасалды. Егер бір жыл ішінде Тараптардан осы Келісімді қайта қарау немесе күшін жою туралы ұсыныс түспесе онда оның қолданысы келесі жылға ұзартылады.
  4. Осы Келісім Тараптардың мақсаттары мен қағидаттарын бөлетін әрқайсының өз қалауы болып табылады.

 

 Осы Келісімге қол қойды:

 

Қазақстан Республикасының

Қорғаныс министрі

«Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Орталық Кеңесінің төрағасы

 

 

 

__________________ Н. Ермекбаев

 

2018 жылғы «____» _____________

Халық Қаһарманы,

армия генералы

 

__________________ М. Алтынбаев

 

2018 жылғы «____» ______________

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама