• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Басқа да құжаттар

01 ақпан, 2019

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік  лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасындағы ішкі конкурс жариялау

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     С-4 санаты үшін:

     С-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдаға мынадай талаптар белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі мынадай талаптардың біріне сәйкес болуға тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе Тізілімде айқындалған саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметші мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өз өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында үш жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдік жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескертпе: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

 

 

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138248

186552

 

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 010000, Астана қ., Достық көшесі, 14-үй, анықтама телефоны: 8 (7172) 72-13-96, e-mail:mod@mod.gov.kz «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті бойынша:

Қызметтік істерді қамтамасыз ету басқармасы өтініштермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

            Функционалдық міндеттері: Құрылымдық бөлімшелердің жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауына бақылауды жүзеге асыру, келіп түскен өтініштерге талдау жүргізу және оларды жинақтау; тиесілігі бойынша қарауға жолдау, іс жүргізу. ҚР Қорғаныс министрлігі басшылығының азаматтарды қабылдау жөніндегі жұмысын ұйымдастыру, олардың Қорғаныс министріне және оның орынбасарларына өтініштерін зерделеу.

          Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мамандықтар тобы бойынша: білім беру (педагогика және психология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (өлкетану), гуманитарлық ғылымдар (филология), құқық (құқықтану).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес:

            - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Мынадай құзыреттердің болуы: Бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу жүргізу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей (кадр қызметінде) тіркеледі.  Тіркелу үшін тұлға кадрлармен жұмыс жөніндегі басқармаға жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе ұйымдарға тиесілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін ұсынады.

Аясы тар мамандану лауазымдарына конкурс өткізген кезде конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Аясы тар мамандану ретінде мемлекеттік орган қызметкерлерінің 5 пайызынан аз қызметкер ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, соның ішінде ғылыми салада жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары бола алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар олардың әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда әңгімелесуден өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсын өткізу қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

 2) тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.

Құжаттар ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

Бекітілген файлдар:

555
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН