• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Бұйрықтар

05 қаңтар, 2020

"Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2019 жылғы 23 желтоқсандағы № 1058 бұйрығы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу қағидаларын және әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 373 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11846 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 26 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.».

Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларында:

95-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«95. Мынадай:

 әскери қызметте болудың шекті жасына толған;

Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделетін бір-бірін ауырлататын үш немесе одан астам науқастануларды диагностикалау жағдайларын қоспағанда, аға, жоғары сержанттар және офицерлер құрамында Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделетін науқастанулар боған жағдайда «Әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды» деген қорытынды шығарылады.

Көрсетілген жағдайларда «Әскери қызметке шектеулі жарамды» деген қорытынды шығарылады.

Оқу бітіру курсында білім алатын курсанттарда Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделген науқастары болған кезде ӘДК «Әскери қызметке шамалы шектеулермен жарамды» деген қорытынды шығарады. Талаптарға сәйкес әскери қызметке жарамдылық санаты дербес бағалау көзделген бір-бірін ауырлататын үш немесе одан да астам науқастануларды диагностикалау жағдайларында «Әскери қызметке шектеулі жарамды» деген қорытынды шығарылады.»;

113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«113. Егер олар госпиталь ӘДК куәландырмаса, ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілерін кезектен тыс медициналық куәландыру олар ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамдылық санатын өзгерту көзделетін науқастанулар себебі бойынша стационарлық емделгеннен кейін әскери-медициналық мекемеден (медициналық ұйымнан) келуі бойынша жүргізіледі.

ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілері кезектен тыс медициналық куәландыруға әскери бөлім дәрігерінің, әскери-медициналық мекеме дәрігер-маманының қорытындысы негізінде әскери бөлім командирінің шешімімен жіберіледі.

ДШӘ және АрнМақБ әскери қызметшілерінде Талаптарға сәйкес ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамдылық санатын дербес бағалау көзделген науқастар болған жағдайда «ДШӘ-да (АрнМақБ-да) қызметке жарамды» деген қорытынды:

1) қолбасшылықтың пікірі бойынша әскери қызметшіні әскери қызметте қалдыру мақсаттылығы;

2) науқастанудың жағымды болжамы;

3) куәландырылушының әскери қызметті жалғастыруға оң ниеті болған жағдайларда шығарылады.

Осы жағдайда қорытынды жоғарыда аталған барлық шарттар болған кезде шығарылады. Науқастану болжамы науқастану сипатын, оның басталуын, үдеу дәрежесін, процестің қайталануын және әскери қызметші әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде болуы ықтимал асқынуларды ескере отырып айқындалады.»;

2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

көрсетілген бұйрықпен бекітілген әскери-дәрігерлік сараптама органдары туралы ережеде:

46-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«46.  Областық медициналық комиссия облыс орталықтарында, республикалық маңызды қалаларда және астана жиын пункттерінде жүргізіледі.

Медициналық персонал жұмысына басшылық жасайтын дәрігер – медициналық комиссия төрағасы:

  • медициналық куәландыру басталғанға дейін:

дәрігер-мамандар кабинеттерінің осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес әскерге шақыру (жиын) пункттерінде медициналық куәландыруға қажетті құралдар, медициналық және шаруашылық мүлік тізбесімен жарақтандырылуын тексереді;

азаматтарды қарап-тексеруге (емдеуге) жіберу орнын, уақыты мен тәртібін нақтылайды;

дәрігер-мамандарға азаматтарды медициналық куәландыруды ұйымдастыру мен жүргізу туралы нұсқау береді, ӘДС жүргізу мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілерді түсіндіреді;

әскери қызметке шақыру (тіркеу) жөніндегі комиссия төрағасына – жергілікті атқарушы орган басшысының (әкім) орынбасарына азаматтарды медициналық куәландыруға дайындаудағы кемшіліктер туралы баяндайды;

  • медициналық куәландыру кезеңінде:

дәрігер-мамандардың жұмысындағы өзара іс-қимылды  қамтамасыз етеді;

дәрігер-мамандар шығарған қорытындыларды ресімдеу сапасын, негізділігін және олардың Талаптарға сәйкес келуін тексереді;

медициналық комиссия құрамына кіретін дәрігерлермен алқалы түрде азаматтардың әскери қызметке және әскер түрлері мен тектері бойынша арналу көрсеткішіне жарамдылық санаты туралы медициналық комиссия қорытындысын шығарады;

күн сайын комиссия хаттамалары кітабының дұрыс жүргізілуін тексереді;

бұрын шығарылған қорытындылар бойынша азаматтарды қарап-тексеруге (емдеуге) уақтылы жіберуді тексереді;

күн сайын қорытындылайды, азаматтарды медициналық куәландыру нәтижелерін талдайды және оларды әскерге шақыру комиссиясының төрағасына баяндайды;

азаматтарға әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, әскери қызметке шақыру кезінде медициналық куәландыру мәселелері бойынша түсінік береді;

азаматтарды медициналық куәландыруға байланысты шағымдар мен өтініштерді шешуге қатысады.».

  1. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Тыл және қару-жарақ бастығының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

  1. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі                     Н. Ермекбаев

 

Бекітілген файлдар:

Басқаларын қарау: Бұйрықтар

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН