• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

НҚА жобалары

26 сәуір, 2019

"«Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді  өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 18 шілдедегі № 363 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрық жобасы

БҰЙЫРАМЫН:

  1. «Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді  өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы              18 шілдедегі № 363 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізіліміне № 15555 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық банкінде 2017 жылы 5 қыркүйекте жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт саласында маманданатын Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері мемлекеттік мекемесінің қызметтерді көрсету және осындай көрсетілетін қызметтерді  өткізуден түсетін ақшаны пайдалану қағидаларына:

 3 тармақ 5)-7) тармақшаларымен келесідей мазмұнда толықтырылсын:

«5) санаторлық-шипажай қызметі және медициналық оңалту бойынша қызметтер;

6) мекемеде өткізілетін түрлі іс-шаралардың қатысушыларының демалысын ұйымдастыру, тамақпен қамтамасыз ету бойынша қызметтер;

7) қонақ үй қызметтері.»;

9-тармақтың 1), 2), 8), 9), 10), 12) және 15) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:

«1) жабдықты және құралдарын (оның iшiнде жиһаз) сатып алуға;

2) спорттық іс-шаралардың жүлдегерлері мен қатысушыларына жүлделерге, естелік сыйлықтар, грамоталар мен ақшалай сыйақылар сатып алуға;

8) дене шынықтыру және спорт жөніндегі сауықтыру топтарының жаттықтырушыларына еңбек ақы төлеуге, осы топтарды ұйымдастыруға байланысты шығыстарды жабуға;

9) спорттық іс-шараларға қатысқаны үшін жарналарға;

10) банк қызметтеріне ақы төлеуге;

12) заттай мүлік заттарын, спорттық және арнайы киім-кешек сатып алуға, тігуге және жөндеуге;

15) спортшылардың және құрама командалардың оқу-жаттықтыру үдерісін фармакологиялық қамтамасыз етуге;»

  1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Спорт комитеті – Армия орталық спорт клубы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
  • осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
  • осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасының заңнама институтына жолдауды;
  • осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
  • мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
  1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор М.М. Алтынбаевқа жүктелсін.
  2. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
  3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі

генерал-майор                                   Н. Ермекбаев

Басқаларын қарау: НҚА жобалары

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама