• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Заңдар

10 желтоқсан, 2018

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 416-I Заңы. Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы

МАЗМҰНЫ

       Ескерту. Заңның тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.
       Ескерту. Бүкіл мәтінінде "терроршылдыққа", "терроршылдық", "терроршылдықты", "терроршылдықтың", "терроршылдықтан", "террорлық", "террорлыққа", "терроршыларды", "терроршы", "терроршылардың", "терроршылармен", "терроршымен", "терроршыны", "терроршыларға", "терроршыға" деген сөздер тиісінше "терроризмге", "терроризм", "терроризмді", "терроризмнің", "терроризмнен", "террористік", "террористікке", "террористерді", "террорист", "террористердің" "террористермен", "террористпен", "террористі", "террористерге", "террористке" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2002.02.19 № 295 Заңымен.

      Осы Заң терроризмге қарсы іс-қимылдың қағидаттарын, мақсатын, құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін белгілейді.

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР 2013.01.08 № 63-V (алғашқы ресми жариялағанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. Мәтін бойынша "террористік акцияларды", "террористік акцияларға", "террористік акциялардың", "террористік акция", "террористік акцияны", "террористік акцияның", "террористік акциядан" деген сөздер тиісінше "терроризм актілерін", "терроризм актілеріне", "терроризм актілерінің", "терроризм актісі", "терроризм актісін", "терроризм актісінің", "терроризм актісінен" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2010.04.08 № 266-IV Заңымен.

 1-тарау. Жалпы ережелер

 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар

      Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

       1) адамдар көп жиналатын объектілер – сауда алаңы 500 және одан да көп шаршы метр болатын сауда объектілері, 100 және одан да көп отыратын орны бар қоғамдық тамақтану объектілері; көп адамдардың келуіне арналған немесе дайындалған, бір мезгілде 200 және одан да көп адамның болу мүмкіндігі бар, өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, концерт залдары, спорт, ойын-сауық, көлік және өзге де көпшілік ғимараттары, білім беру және денсаулық сақтау ұйымдары, туристерді орналастыру орындары;

       2) арнаулы мақсаттағы бөлімше – терроризм актілерінің жолын кесу үшін құрылған бөлімше;

      3) кепілге алынған адам – кепілге алынған және (немесе) ұсталған адамды босату шарты ретінде мемлекеттік органды, жергілікті өзін-өзі басқару органын немесе халықаралық ұйымды қандай да бір іс-қимыл жасауға немесе қандай да бір іс-қимыл жасаудан тартынуға мәжбүрлеу мақсатында кепілге алынған және (немесе) ұсталған жеке адам;

      4) күш қолдану идеологиясы – күш қолдануды, оның ішінде саяси, діни, идеологиялық және өзге де мақсаттарға қол жеткізу үшін террористік әдістер мен құралдарды пайдалана отырып күш қолдануды жақтайтын қоғамдық теориялар, көзқарастар мен идеялар жүйесі;

      5) терроризм – күш қолдану идеологиясы және халықты үрейлендіруге байланысты және жеке адамға, қоғам мен мемлекетке залал келтіруге бағытталған күш қолдану және (немесе) өзге де қылмыстық әрекеттерді жасау не жасаймын деп қорқыту жолымен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына әсер ету практикасы;

      6) терроризм актісі – адамдардың қаза табу қаупін төндіру, едәуір мүліктік залал келтіру не қоғамға қауіпті өзге де салдарлардың туындау қаупін төндіретін жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер бұл іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешімдер қабылдауына әсер ету мақсатында жасалса, сондай-ақ нақ сол мақсаттарда адам өміріне қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында оның өміріне қастандық жасау;

      6-1) терроризм актісін жасауға шақыру – жария түрде айтылған немесе таратылатын ақпараттық материалда көрініс тапқан, жеке тұлғаны терроризм актісін жасауға итермелеу мақсатында оның санасына, еркіне және мінез-құлқына әсер ететін үндеу;

      7) терроризмге қарсы операция – адам күшін, қызметтік иттерді, жауынгерлік және өзге де техниканы, қару мен арнайы құралдарды пайдалана отырып, терроризм актісінің алдын алу, жолын кесу, террористерді, жарылғыш құрылғыларды зиянсыздандыру, жеке тұлғалар мен ұйымдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ терроризм актісінің салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі арнайы іс-шаралар кешені.

      Күзетілетін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі күзет іс-шаралары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының шешімі бойынша осы Заңға сәйкес терроризмге қарсы операциялар шеңберінде өткізіледі;

      8) терроризмге қарсы операцияның құқықтық режимі – терроризмге қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың жұмыс істеуінің айрықша режимі, бұл кезде терроризмге қарсы операция өткізілетін аймақта терроризмге қарсы операцияны өткізу кезеңіне жекелеген шаралар, азаматтардың, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына уақытша шектеулер белгілеуге жол беріледі;

      9) терроризмге қарсы операцияны өткізу аймағы – терроризмге қарсы операцияның басшысы айқындаған, шегінде аталған операция өткізілетін жердің немесе акваторияның жекелеген учаскелері, әуе кеңістігі, көлік құралы, үй, құрылыс, ғимарат, үй-жай және оларға іргелес аумақтар;

      10) терроризмге қарсы іс-қимыл – мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының:

      терроризм профилактикасы;

      террористік іс-әрекетті анықтау, оның жолын кесу, террористік қылмыстарды ашу және тергеу;

      шұғыл медициналық көмек көрсету, медициналық-психологиялық сүйемелдеу, авариялық-құтқару және өртке қарсы іс-шаралар өткізу, террористік әсер етуге ұшыраған объектілердің қалыпты жұмыс істеуін және экологиялық қауіпсіздігін қалпына келтіру, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарды және оның жолын кесуге қатысқан адамдарды әлеуметтік оңалту, терроризм актісінің салдарынан жәбірленуші адамдарға моральдық және материалдық зиянды өтеу жолымен терроризм салдарларын барынша азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметі;

      11) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйлестіру жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган – терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті ведомствоаралық үйлестіруді өз өкілеттігі шегінде жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      12) терроризмді қаржыландыру – жеке тұлғаның не адамдар тобының не заңды тұлғаның іс-әрекетінің террористік сипатын не берілген мүліктің, көрсетілген ақпараттық, қаржылық және өзге де қызмет түрлерінің террористік іс-әрекетті жүзеге асыру не террористік топты, террористік ұйымды, заңсыз әскерилендірілген құралымды қамтамасыз ету үшін пайдаланылатынын көрінеу ұғынып жасаған адамның оларға ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті, мүлікке құқықты немесе мүліктік сипаттағы пайданы беруі немесе жинауы, сондай-ақ сыйға тартуы, айырбастауы, қайырмалдық жасауы, қайырымдылық көмегі, ақпараттық және өзге де қызмет түрлерін көрсетуі не қаржылық қызметтер көрсетуі;

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама