• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялау

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

С-5 санаты үшін:

С-5 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, адамдармен тіл табысуы, талдау, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс тәжірибесі талап етiлмейдi
 Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-5

104103

140747


Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 010000, Астана қ., Достық көшесі, 14-үй, анықтама телефоны: 8 (7172) 72-13-96, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жалпы конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Халықаралық ынтымақтастық департаменті бойынша:

Халықаралық ынтымақтастық басқармасы өңірлік ынтымақтастық бөлімінің  сарапшысы, С-5 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ мемлекеттері басшылары кеңесінің отырыстарына, ТМД-ға қатысушы мемлекеттер мен ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттер Үкімет басшылары кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің отырыстарына, ШЫҰ қорғаныс министрлерінің, сондай-ақ өңірлік ұйымдар форматындағы басқа да жұмыс отырыстарына материалдар дайындау; Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдар форматында қабылданған халықаралық міндеттемелерді орындауы мен сақтауын талдау және оларды орындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау; ұжымдық қорғанысты және өңірлік қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша ақпараттық-анықтамалық және талдау материалдарын дайындауға қатысу; өз құзыреті шеңберінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мамандықтар тобы бойынша: білім беру (шет тілдері: екі шет тілі), гуманитарлық ғылымдар (халықаралық қатынастар), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (өлкетану, шығыстану), құқық (құқықтану, халықаралық құқық).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім. Мүмкіндігінше шет тілдерін (ағылшын, неміс, француз, түрік және басқалар) білу.

Кәсіби біліктілігі: Бастамашылық, тіл табысқыштығы, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей кадрлармен жұмыс басқармасында тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға кадрлармен жұмыс басқармасына жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиістілігін растайтын құжаттардың түпнұсқалары мен көшірмелерін ұсынады.

Тиісті мемлекеттік органның басшысымен келісу бойынша конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады. Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Жалпы конкурсқа қатысу үшін мынадай құжаттар ұсынылады:

1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес көлемі 3х4 үлгідегі түрлі түсті суреті бар
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі;

3) бiлiмi туралы құжаттар мен оларға қосымшалардың нотариат куәландырған көшiрмелерi;

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі.

«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықааралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;

4) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған немесе жұмыс орнынан кадр қызметі куәландырған көшiрмесi;

5) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының                2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);

6) Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

7) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (бұдан әрі – сертификат) (немесе сертификаттың нотариат куәландырған көшірмесі);

8) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариат куәландырған көшірмесі);

9) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариат куәландырған көшірмесі);

10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11304 болып тіркелген) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе нотариат куәландырған көшірмесі).

Құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 ЖҰМЫС КҮНІ ішінде ұсынылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Басқаларын қарау: Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН