• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау

 

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

     С-4 санаты үшін:

     С-4 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескертпе: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

 

 

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138248

186552

 

 Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 01000, Нұр-Сұлтан қ., Достық көшесі, 14-үй, анықтама телефоны: 8 (7172) 72-13-96, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас қаржы инспекциясы (ішкі мемлекеттік аудит қызметі) бойынша:

Ұйымдастыру-талдау басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік

            Функционалдық міндеттері: Қаржылық есептілікке аудит жүргізуге қатысады; Қорғаныс министрлігінде, барлық қызмет бағыттарындағы оның ведомствосында және ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарында, оның ішінде мемлекеттік қызметтер сапасы бойынша тиімділік аудитін жүргізу; Қорғаныс министрлігінде, оның ведомствосында және ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарында сәйкестік аудитын жүргізу, сонымен қатар мемлекеттік сатып алуды жүргізу рәсімдерінің және шарттар талаптарының орындалу рәсімдерінің, оның ішінде сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің мерзімдері ауқымы, бағасы, мөлшері және сапасы бойынша сәйкестік аудитін жүргізеді; Қорғаныс министрлігінің ішкі процестерінің тәуекелдерін басқару жүйесі негізінде Қорғаныс министрлігінде, оның ведомствосында және ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарында ішкі бақылау және басқару жүйесінің жұмыс істеуін бағалауды жүзеге асырады; Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің стратегиялық, операциялық жоспарларының және оны дамыту бағдарламаларының мақсаттары мен міндеттеріне бюджет шығыстармен өзара байланыста қол жеткізуді талдайды; тәуекелдерді бағалау жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік мекемелері мен ұйымдарынан алынған қаржылық бюджеттік есептіліктен алынатын ақпаратты жинақтауды және өңдеуді жүзеге асыру; ішкі мемлекеттік аудитпен байланысты мәселелер бойынша мемлекеттік аудит объектілері лауазымды адамдарының тиісті ақпаратын тыңдайды; Қорғаныс министріне Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес республикалық бюджет қаражатын пайдалану кезінде бұзушылықтардың жолын кесу, оларға жол бермеу, анықталған кемшіліктерді жою, Қорғаныс министрлігінің қызметін ұйымдастырдың ішкі процестерінің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсынымдар бере отырып, ішкі мемлекеттік аудит нәтижелері туралы шешім, есеп дайындау; Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінде, оның ведомстволарында, ведомстволық бағынысты мекемелері мен ұйымдарында ішкі бақылау жүйесін ұйымдастыру жөніндегі жұмыста консультациялық қызметтер көрсету.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім: экономика және (немесе) қаржы, және (немесе) есеп жәнеаудит, және (немесе) мемлекеттік аудит, және (немесе) құқық, және (немесе) және (немесе) менеджмент, және (немесе) мемлекеттік және жергілікті басқару.

Мемлекеттік аудитор және (немесе) тиісті саладағы ішкі мемлекеттік аудитор сертификатының бар болуы.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

            - мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамашылық, тіл табысқыштығы, сараптамалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білуі.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей персоналды басқару қызметінде (кадр қызметінде) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлғалар Кадрлармен жұмыс басқармасы қызметіне (кадр қызметіне) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін немесе электрондық көшірмесін, «Б» корпусының мемлекеттік әкiмшiлiк лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткiзу Қағидалардың 26-тармағында көрсетілген ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың көшірмелерін немесе электрондық көшірмелерін ұсынады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің                         5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесу жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

 1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш;

 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім.

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама