• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мемлекеттік «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялау

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:

 

С-4 санаты үшін: С-4 санатындағы мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар қойылады:

жоғары білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамашылық, тіл табысқыштығы, сараптамалық, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) мемлекеттік қызмет өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе B-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

3) В-6, С-5, C-O-5, D-4, D-O-4 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;

4) өкiлеттiктерiн теріс себептермен тоқтатқан судьяларды қоспағанда, судья лауазымында қызмет өтілі бір жылдан кем емес;

5) мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық немесе облыстық деңгейдегі құқық қорғау органдарының немесе арнаулы мемлекеттік органдардың лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының жедел-тактикалық деңгейінен төмен емес немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;

6) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес;**

7) жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;

8) ғылыми дәрежесінің болуы.**

** Ескертпе: осы талап «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурсқа қатысушылар үшін қойылады.

 

Әкімшілік мемлекеттік қызметшінің лауазымдық айлықақысы:

 

Санаты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

С-4

138248

186552

 

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, 01000, Нұр-Сұлтан қ., Достық көшесі, 14-үй, анықтама телефоны: 8 (7172) 72-13-96, «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды:

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әкімшілік департаменті бойынша:

Бас сарапшы (хат-хабарды есепке алу жөніндегі), С-4 санаты, 1 бірлік

Функционалдық міндеттері: Іс жүргізуді ұйымдастыру: Қорғаныс министрінің, ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасарлары, ҚР ҚМ аппарат басшысының ішкі кіріс қызметтік құжаттарын қабылдау және тіркеу, сондай-ақ қызметтік құжаттарды қабылдауды дұрыс ұйымдастыруды бақылау; ЭҚАБЖ-ға енгізілетін ақпараттың толық болуын және құжаттардың орындаушыларға уақтылы жеткізілуін бақылау; ЭҚАБЖ-да ҚР Қорғаныс министрінің бұрыштамасын немесе Министрдің міндетін уақытша орындайтын адамның бұрыштамасын енгізу. Басшылыққа баяндауға құжаттарды дайындау; мүкәммалдық сақтауда тұрған қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету; номенклатуралық істерді архивке тапсыруды қамтамасыз ету; «Қызмет бабында пайдалану үшін» белгісі бар қызметтік құжаттарды есепке алуды жүргізу, сақтау, беру, қолда барын тексеру.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мамандықтар тобы бойынша: білім беру (шет тілі: екі шет тілі), гуманитарлық ғылымдар (филология), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (архивтану, құжаттану және құжаттамалық қамтамасыз ету)

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамашылық, тіл табысқыштығы, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаменті бойынша:

Наградалар және әскери атақтар беру басқармасының бас сарапшысы, С-4 санаты, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: ҚР ҚК офицерлер құрамының жеке куәліктерін дайындау және нөмірлік есепке алуды жүргізу; ҚР ҚК офицерлер құрамы жеке куәліктерінің бланкілерін есептен шығару жөніндегі құжаттаманы жүргізу; ведомстволық наградалармен наградтауға келіп түскен материалдардағы мәліметтерді жинақтау және олардың дұрыстығын тексеру; офицерлердің жеке істеріне мемлекеттік және ведомстволық наградалармен, мерейтойлық медальдармен наградталуы жөніндегі құжаттарды тарату; мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулерді бақылау және сақтау, бағыт аға офицерінің, басқарма бастығының және департамент басшылығының басқа да нұсқауларын орындау. Мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтермен жұмыс.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары, мамандықтар тобы бойынша: білім беру (қазақ тілі мен әдебиеті), құқық (құқықтану), әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес (мемлекеттік және жергілікті басқару).

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығымен бекітілген үлгілік біліктілік талаптарына сәйкес.

- мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тиісті санат үшін мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға кандидаттарды тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу;

- «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағытын», осы санаттағы нақты лауазымның мамандығына сәйкес келетін салалардағы қарым-қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білу;

- осы санаттағы лауазымдар бойынша функционалдық міндеттерді орындау үшін қажетті басқа да міндетті білім.

Кәсіби біліктілігі: Бастамашылық, тіл табысқыштығы, ұйымдасқандық, әдептілік, сапаға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік, тестілеу бағдарламасында көзделген Қазақстан Республикасының заңнамасын білу.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін тұлға әңгімелесу басталғанға дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадрлар департаментінде (бұдан әрі – Департамент) тіркеледі. Тіркелу үшін тұлға Департаментке жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ұйымдарға тиесілілігін растайтын құжаттардың түпнұсқасын немесе көшірмелерін ұсынады.

Тар маманданған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар маманданған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда, оның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламенті және мәслихаттар депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне не сот тәртібінде конкурс комиссиясының шешіміне шағымдана алады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны кандидаттарды әңгімелесуге жіберу туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған мемлекеттік органдарда өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурстар өткізу қағидаларының 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметі растаған қызметтік тізім.

Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 3 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

 

 

2-қосымша

 

 

__________________________________
      (мемлекеттік орган)    

                           

 

Өтініш

 

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

 

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Мекенжайы және байланыс телефоны _____________________________________________________________________________________________________

      

 

__________                                             ____________________________________
(қолы)                                                                       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде)

      

 

20__ ж.  «____»_______________

Басқаларын қарау: Мемлекеттік қызмет

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН