«Жас ұлан» республикалық мектебінде салтанатты аттестат тапсыру рәсімі өтті
Биыл «Жас ұлан» республикалық мектеп қабырғасын 600-ге жуық тәрбиеленуші бітірмек. Олар болашақта жоғары әскери оқу орындарындағы курсанттар қатарын толықтырады.
Төрт әскери мектепте 1 200-ден астам ұлан білім алуда. Жыл сайын тәрбиеленушілерді мектептерге іріктеу сапасы артып келеді. Жасұландықтардың даярлық деңгейі өсіп қана қоймай, білім беру үдерісінің практикалық маңыздылығы ұдайы нығайып, тәрбиеленушілердің интеллектуалдық дамуы ерекше назарға алынуда. Сол сияқты 2015 жылдан бері мектепке оқушылар 9-шы сынып бітірген соң қабылданады, оқыту бағдарламасына мемлекеттік және шет тілдерін, әскери тәртіп пен күшейтілген дене даярлығын үйрену кіреді. Әскери тәртіп жөніндегі сыныптарда әскери техникалар мен қару үлгілері бар, онда тәрбиеленушілердің іс жүзінде үйренетін материалдары бекітілген.
Республикалық мектептердің түлектері түрлі пәндер бойынша қалалық, облыстық және республикалық олимпиадаларға белсенді түрде қатысып, әскери-спорттық ойындарда жоғары нәтижелер көрсетеді. Тәрбиелеу-оқыту үдерісі бойы жастайынан өз Отанына шын берілу, оған деген сүйіспеншілігі мен патриоты болуға жетелу алға мақсат етіп қойылған.
«Тәрбиелеу жұмыстарының негізгі міндеттері Отанға деген сүйіспеншілік, қазақстанның патриоты болу, елге адал болу сезімдерін ұландықтардың санасына сіңіру болып саналады. Жасұландықтардың тағдырын армиямен байланыстыруға талпынысын байқай отырып, нағыз, Отан қорғау ісіне шын берілгендерді тәрбиелеп отырғанымызға сенуге болады», - деп республикалық мектептің бастығы запастағы генерал-лейтенант Құрбан Қаражанов атап өтті.
«Жас ұлан» республикалық әскери мектебінің көптеген түлектері әскери істе әрі қарай білім алуды жалғастырып, одан әрі әскери оқу орындарына түсіп, Қарулы Күштердің және Қазақстан Республикасының басқа да күштік құрылымдарының офицерлері атануда.
Басқаларын қарау: Жаналықтар
-
10.01.2019
-
25.05.2018
-
19.04.2018
-
12.04.2018