• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Оқу орындары

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы "Жас ұлан" республикалық мектебі

Мектеп мемлекеттік және шет тілдерін, әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен орта жалпы білім беру оқу орны ретінде «Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі» мемлекеттік мекемені құру мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы  27 наурыздағы № 309 қаулысына сәйкес құрылды.

Мектеп интернат түріндегі оқу орны болып табылады, мектептің тәрбиеленушілері ұландар деп аталады.

 

 

Мектеп мынадай қызмет түрлерін:

  1. ұландардың шығармашылық, рухани және дене бітімін дамытуға мүмкіндіктерді дамытады, адамгершілік пен салауатты өмір салтының тұрақты негіздерін қалыптастырады, дарашылдықты дамыту үшін шарттар жасау жолымен санатшылдығын байытуды;
  2. азаматшылықты және патриотизмді, өз Отаны – Қазақстан Республикасына деген сүйіспеншілікке, мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге, халықтың әдет-ғұрпын қадірлеуге, кез келген конституцияға қарсы және қоғамдық көріністерге қарсы төзбеушілікке тәрбиелеуді;
  3. әлемдік және отандық мәдениеттің қол жеткізулерін жинақтауды; қазақ және республиканың басқа да халқының тарихын, дәстүрі мен әдет-ғұрпын зерделеуді;
  4. мемлекеттік, орыс және шет тілдерін меңгеруді;
  5. оқытудың жаңа технологияларын енгізуді, білім беруді ақпараттандыруды;
  6. жоғары жалпы мәдениетті, адамгершілікті, моральдық-психологиялық, іскерлік және ұйымдастырушылық қасиеттерін қалыптастыруды;
  7. ұландарда ар-намысты, адамгершілікті, адамның құқықтары мен бостандығын сыйлауды дарытуды;
  8. білім беру процесінің құрамдас бөлігі және мектеп қызметінің негізгі бір түрі болып табылатын тәрбие жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады.

Мектептің негізгі міндеттері:

  1. ұлттық және жалпы адамдық қасиеттер негізінде тұлғаның қалыптасуына, дамуына және кәсіби қалыптасуына, ғылым мен практиканың қол жеткізулеріне бағытталған мемлекеттік және шет тілдерін және әскери пәндерді терең оқытумен және күшейтілген дене даярлығымен ұландардың жалпы орта білім алуы үшін қажетті жағдай жасау;
  2. әскери-кәсіби бейімдеу болып табылады.

Мектеп тәрбие жұмысының негізгі міндеттері:

  1. Отанға деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу, ұландарда патриотизм мен интернационализм, халқына және еліне, оның Коституциясына, Республиканың Үкіметіне, Қарулы Күштеріне деген адалдық сезімін дарыту, дәстүрлерді құрметтеу;
  2. қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне құрметпен қарау;
  3. ұландарда жоғары адамгершілік, моральдық-еріктік және психологиялық қасиеттерді дарыту;
  4. ұландарда құқықтық сананы қалыптастыру, ұжым өмірінің нормаларын сыйлауға тәрбиелеу, құқықтық тәрбиелеу, жоғары құқық мәдениетін және тәртіптілікті қалыптастыру;
  5. болашақ офицердің жоғары рухани және адамгершілік мәдениетін қалыптастыру мақсатында ұландарды эстетикалық дамыту, оларда әдемілікке деген сүйіспеншілікті дарыту;
  6. салауатты өмір салтына, дене бітімін жетілдіруге қажеттілікті тәрбиелеу;
  7. ұландарды әскери оқу орындарында оқыту үшін даярлау мақсатында әскери кәсіптік бейімдеу болып табылады.

Мектеп заңнамада белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады:

  1. орта жалпы білім берудің екі дәрежедегі жалпы білім беру бағдарламаларына сәйкес білім беру процесін жүзеге асырады: негізгі (7-9 сыныптар) және жоғары (10-11 (12) сыныптар);
  2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (басымдық құқығы бар) және басқа да мемлекеттердің әскери оқу орындарына оқуға түсу үшін бітірушілерді жібереді;
  3. мектепті белгіленген нормалар бойынша оқулықтармен, оқу-әдістемелік және көркем әдебиетпен, спорттық мүкәммалмен, тренажерлермен және басқа да жабдықтармен қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен өзара іс-қимыл жасайды;
  4. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.

Мектептің мекенжайы: 010000, Астана қаласы,Қорғалжын тасжолы, 3 үй.  тел. 48-11-37 (кезекші)

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН