• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Оқу орындары

Құрлық әскерлерінің Әскери институты

Өзінің тарихын институт 1970 жылы құрылған КСРО Жоғары Кеңесінің Қаулысы негізінде Алма-Аты жоғары жалпы әскери командалық училищеден бастау алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылдың 11 ақпаны № 3353 Жарғысымен И.С.Конев атындағы АЖӘКУ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясына айналды. 

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 ж. 27 ақпаны № 815 Жарғысымен Әскери академияның құрамынан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Алматы жоғары әскери училище бөлінген. 

2003 жылдың 31 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 1080 қаулысымен ҚР ҚК Алматы жоғары әскери училищесі Құрлық әскерлерінің Әскери институты болып аты өзгертілді.

Институттың бас міндеті болып құрлық әскерлерінің жоғары мамандандырылған офицерлерін дайындау болып табылады.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты жоғары әскери кәсіпқой білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды 11 мамандықтар бойынша дайындайды:

  • Мотоатқыш әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
  • Әуе-десанттық әскерлерінің және әскери барлаудың командалық-тактикалық даярлығы;
  • Танк әскерлерінің командалық-тактикалық даярлығы;
  • Артиллерияның командалық-тактикалық даярлығы; 
  • Автокөлік әскерлерінің ккомандалық-тактикалық даярлығы;
  • Азық-түлікпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
  • Киім-кешекпен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
  • Жанар-жағар маймен қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
  • Бронетанктық қару-жарақ және техника;
  • Инженерлік әскерлердің командалық-тактикалық даярлығы;
  • Әскерлерді ракета-артиллериялық қамтамасыз ету бойынша командалық-тактикалық даярлық;
  • Әскери аударма ісі.

Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Құрлық әскерлерінің Әскери институты  Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.

Институт замануи оқу-материалдық базамен, техникалық оқу құралдарымен қамтамасыз етілген. Училищенің лекциялық аудиториялары, кабинеттері және класстары ғылым мен техниканың заманауи даму деңгейінде әскери мамандарды дайындауға керектінің барлығымен жабдықталған. Оқу үдірісінде оқытудың заманауи техникалық құралдары компьютерлік және есептеу аппараттарын пайдаланумен кеңінен қолданылады.    

 Институтта физикалық тәрбиеге үлкен көңіл бөлінеді. Физикалық дайындық – әскери оқыту және тәрбиенің маңызды бөлігі. Ол әскери қызметшілердің қару-жарақпен және жауынгерлік техникамен иемденуге, оларды ұрыста сапалы қолдануға, физикалық ауырлықтарды оңтайлы көтеруге, жауынгерлік істің жүйке-психикалық қысымдары мен икемсіз жағымсыз факторларына физикалық дайындығын қамтамасыз етеді. Бұл мақсатта бай материалдық база қарастырылған: арнайыланған залдарымен әдемі спорттық комплексі (гимнастика, ауыр атлетика, қоянқолтық ұрыс, спорт ойындары, жүзу бассейні және т.б.), стадион және басқа да спорттық құрал-жабдықтар. Спорттың әр-түрлі түрлерінен әрдайым спорттық секциялар қызмет істейді. 

Кәсіби тәсілдерді жақсартумен қатар институтта курсанттардың демалысын ұйымдастыру қарастырылуда – көркем-өнер ісі, бос уақытта қатысу бөлімдері (хореографиялық билеу, ұлттық аспаптар, вокалды-аспаптық ансамбль) жұмыс істейді. 

Курсанттардың соғыс және еңбек ардагерлерімен, мемлекет басқарушыларымен, Қарулы Күштердің жоғары командалық құрамымен, мәдениет пен өнердің атақты тұлғаларымен кездесуі ұйымдастырылады, мәдени демалыстар мен экскурсиялар, тақырыптық кештер мен демалу кештері, КТК. Осы іс-шаралар қазақстандық патриотизмді, достастық пен жолдастыққа бағытталған офицерлердің интеллекуалды және эстетикалық дамуына көмектеседі.

Олардың басымды сапасы болып жоғары теориялық дайындық, жауынгерлік техниканы және қару-жарақты мығым білу, адамдармен жұмыс істеуі, әскери міндетті терең түсінуі мен оны соңына дейін атқаруы болып табылады.

Әскери оқу орнының пайда болуынан бастап өмірге жолын 10 мың шамасында мамандар бастауын алды, олардың 400-ден астам түлектері өзінің әскери міндетін Афганистанда және басқа да ыстық аймақтарда атқарған, Тәжікстан мен Ирактағы бейбітшілік операцияларына қатысқан, сол үшін жоғары үкіметтік наградтарға ие болған.

 Көрсеткен жігерліктері мен батыр сапасы үшін үш офицерлер: Шахворостов А.Е. (қайтыс болғаннан кейін), Акрамов Н.М. және Гущин С.Н. Кеңес одағының Батыры шеніне ие болды, ал лейтенант Олег Чивильевтың атымен Көгершін жұлдыз торындағы ғалымдармен ашылған жұлдыз аталды.2008 жылы Қазақстан Республикасының Президентімен «Халық қаһарманы» жоғары шені генерал-лейтенант Б.Е.Ертаевқа – осы ӘОО-ның түлегіне берілген. Қазіргі институттың курсанттары, командирлер мен оқытушылардың шегі заңды түрде өздерінің алдағы үлгілі офицерлерінің салттары мен ерең еңбектерін мақтан тұтады.  

Институттың курсанттары халықаралық бейбітшілік оқуларға Қазақстан аумағында да, оның тысқары аумақтарында қатысқан. Олар өзінің қызығушылықтарын ғаламдық және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, бейбітшілік үшін жоғары және даңқты мақсатын орындауға дайындығын көрсетті.

Институттқа келген Ресей, Қытай, АҚШ-тың әскери делегациялары профессорлық-оқытушы құрамның, курсанттардың кәсіби дайындығын жоғары бағалаған.

Құрлық әскерлерінің Әскери институты келесі мекенжай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Красногорская көш. 35, тел: 8 (7272) 90-18-20, 90-12-42

 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама