• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Оқу орындары

ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті

Ресми сайт www.nuo.kz

Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылы 27 ақпаны № 815 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясы мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру туралы» жарғысымен және Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің 2002 жылдың 2 мамыры № 1/29/1/1248 «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери-оқу орындарында ұйымдастыру іс-шараларын өткізу туралы» Директивасымен ҚР ҚК Әскери академиясы Көкшетау облысының Щучинск қ. орнын ауыстырды.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылдың 21 тамызы № 1173 «Әскери білім беру жүйесін жақсарту шаралары туралы» жарғысымен ҚР ҚК Әскери академиясы «Ұлттық қорғаныс университеті» мемлекеттік мекемесіне өзгерді.

Ұлттық қорғаныс университеті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа әскерлер мен әскери құралымдарына жоғары кәсіби білім беру бағдарламасы бойынша офицерлік кадрларды келесі мамандықтар бойынша дайындайды

  • Әскери-мемлекеттік басқару.
  • Әскери және әкімшілік басқару;
  • Техникалық қамтамасыз етумен басқару;
  • Тылдық қамтамасыз етумен басқару;
  • Тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмысты басқару;
  • Әскери білім беруді басқару;

Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымы Қорғаныс Министрлері Кеңесінің 2005 жылдың 30 қарашасы шешіміне сәйкес Ұлттық қорғаныс университеті Коллективті қауіпсіздік келісімі ұйымының мүше-мемлекеттерінің Қарулы Күштеріне әскери кадрларды бірігін дайындайтын оқу орындардың Тізіміне қосылған.

Қорғаныс университеті әскери кадрларды жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіби білімінен кейінгі әскери кадрларды дайындау жүргізеді (адъюнктура). 

Адъюнктураның міндеті – Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа әскерлер мен әскери құралымдарға жоғары маманды ғылыми-педагогикалық және ғылыми кадрларды дайындау.

Университеттің заңды мекен-жайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 72-үй

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университетінің мәселелері Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 20 наурыздағы № 276 Қаулысы

(2014.01.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 Қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.01.07. № 754 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 9 сәуірдегі Заңының 15-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

ҚР Үкіметінің 2014.01.07. № 754 Қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - мекеме) туралы ереже бекітілсін.

ҚР Үкіметінің 2010.17.11. № 1209 Қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

2. ҚР Үкіметінің 2011.26.05. № 580 Қаулысымен күші жойылды (бұр.ред.қара)

3. Мекеменiң қызметiн қаржыландыру және материалдық-техникалық қамтамасыз ету республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жоғары оқу орындарында кадрларды даярлауға көзделген қаражат есебiнен және шегiнде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

4. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 16 маусымдағы № 977 қаулысының күшi жойылды деп танылсын.

5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
И. Тасмағамбетов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінiң
2003 жылғы 20 наурыздағы
№ 276 қаулысымен
бекітілген

 ҚР Үкіметінің 2014.01.07. № 754 Қаулысымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже

ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 Қаулысымен тақырыбы және 1-тармақ өзгертілді

1. Жалпы ережелер

1. Ұлттық қорғаныс университеті (бұдан әрi - Университет) жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыратын әскери оқу орны болып табылады.

2. Университет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдергe, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Университеттің мемлекеттік мекеменiң ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы Жауынгерлiк туы, мемлекеттік тiлде өз атауы бар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрi, мөртаңбалары мен белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес банктерде шоттары бар.

Университеттің өз атынан азаматтық-құқықтық қатынасқа түседi.

4. Университеттің өз құзыретiнiң мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен Университет бастығының бұйрықтарымен ресiмделетiн шешiмдер қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2014.01.07. № 754 Қаулысымен 5-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

5. Университеттің заңды мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Тұран даңғылы, 72-үй.

ҚР Үкіметінің 31.10.03 ж. № 1080 Қаулысымен 6-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 2014.01.07. № 754 Қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

6. Университеттің толық атауы: «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті» республикалық мемлекеттік мекемесі.

 2. Университеттің мақсаты, міндеттерi мен функциялары

7. Университеттің мақсаты жоғары әскери кәсiптiк білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білім берудiң білім беру бағдарламаларын iске асыру болып табылады.

8. Университеттің мiндеттерi мыналар болып табылады:

1) жоғары әскери және жоғары әскери-арнаулы білімдi офицер кадрларды даярлау;

2) офицерлiк құрамды қайта даярлау және жетiлдiру;

3) әскери ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлау;

4) тәрбие процесiн ұйымдастыру.

9. Университет Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес басқа мемлекеттердің азаматтарын даярлауды жүзеге асыра алады.

10. Университет көрсетiлген мiндеттерге қол жеткiзу үшiн мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) жоғары әскери білім берудiң және жоғары оқу орнынан кейiнгi кәсiптiк білiм берудiң білім беру бағдарламаларын меңгеру үшiн жағдай жасау;

2) терең әскери-арнаулы білімдi, нақты дағдылар мен шеберлiктi, өзге де кәсiби қасиеттердi қалыптастыру;

3) патриотизм сезiмiн, әскери антқа адалдықты тәрбиелеу, жеке адамның шығармашылық, рухани және дене бiтiмiнiң мүмкiндiктерiн дамыту, адамгершiлiктің берiк негiзiн, әскери этика, тәртiптiлiк пен ұйымшылдықты қалыптастыру;

4) мемлекеттік жалпыға бiрдей мiндетті білім беру стандарттарының негiзiнде оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу және тәрбиелiк қызметтi жүзеге асыру.

 3. Университеттің қызметін ұйымдастыру

11. Университет:

1) Университетке азаматтарды қабылдаудың тәртібін оқу орындарына қабылдаудың үлгi ережелерiне сәйкес белгiлейдi;

2) оқушыларды өтпелi аттестациялаудың нысанын, тәртібін және кезеңдiлiгін дербес таңдайды.

12. Университетті тiкелей басқаруды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің ұсынымы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi лауазымға тағайындайтын және лауазымнан босататын бастық жүзеге асырады.

13. Университеттің бастығы дара басшылық қағидатында әрекет етедi және лауазымдық өкiлеттiктерiне сәйкес Университет қызметiнiң мәселелерiн дербес шешедi.

14. Университеттің бастығы басшылықты жүзеге асырған кезде белгiленген тәртiппен:

1) барлық ұйымдарда Университеттің мүддесiн бiлдiредi;

2) барлық қызметкерлер үшiн мiндеттi бұйрықтар шығарады және нұсқаулар береді;

3) номенклатураға сәйкес Университет қызметкерлерiн лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

4) Университет қызметкерлерiне көтермелеу шараларын және тәртiптiк жаза қолданады;

5) өз орынбасарларының және Университеттің өзге де басшы қызметкерлерiнiң мiндеттерiн және өкілеттiк шеңберiн айқындайды;

6) оған заңнамамен, осы Ережемен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

 4. Университеттің мүлкi

15. Университеттің негiзгi қорлардан және айналымды қаражаттан, сондай-ақ құны Университеттің теңгерiмiнде көрсетiлетiн өзге де мүлiктен тұратын жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады.

16. Университеттің өзiне және оған смета бойынша бөлiнген қаражат есебiнен сатып алынған мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ.

 5. Университетті қайта ұйымдастыру және тарату

17. Университетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама