• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

23 тамыз, 2019

«Құтқарушылар қолдарынан келгенін аямады. Көмектері үшін алғыс айтамын» - із-түссіз жоғалған альпенистің жұбайы

«Қатал ауа-райына қарамастан құтқарушылар қолдарынан келгенін аямады. Көмектері үшін алғыс айтамын. Қырғыз мемлекетіндегі ҚР елшілігіне, альпенистерге рахмет. Олар өз ісінің шеберлері. Шындығында іздеуге ұзақ уақытты арнап, хабарласып отырды. Әлі де жігіттердің қайтып келетініне үмітімізді үзбей, тек жақсылыққа ғана сенеміз. Тағы да барлығы үшін рахмет! Олар еліміздің лайықты азаматтары, жақын достары, нағыз жігіттер» - деді өз сөзінде, Қырғыз мемлекетіндегі Жеңіс шыңында жоғалған қазақстандық альпенистің жұбайы Шахаризада Шахбутова.

23 тамыз, 2019

Әскери оқу орынның бірінші курс курсанттары «танктің астына жату» жаттығуын орындады

Алматыда Құрлық әскерлері әскери институты оқу-жаттығу орталығының базасында бірінші курс курсанттары жалпы әскери даярлықтан өтуде.

23 тамыз, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігі Қырғызстандағы іздестіру-құтқару операциясының қорытындысын хабарлады

Әскери альпинистер тобы тамыздың 19-ы мен 22-і аралығында Тянь-Шань жотасының Жеңіс шыңы ауданында өткізілген іздестіру-құтқару операциясынан оралды. Операция жетекшісі  аға лейтенант Василий Пивцов, капитан Мақсұт Жұмаев пен майор Аманжол Рахметов 15 тамызда жоғалып кеткен Александр Чечулин, Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевті іздестіруді жүргізді.

23 тамыз, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігінің парашюттен секіруді орындау кезіндегі оқиғаға қатысты ресми түсініктемесі

2019 жылғы 22 тамызда Қапшағай қаласында әскери қызметшілер Ми-17 тікұшағынан жоспарлы парашюттен секіруді орындады. Секіру кезінде полковник С.С. Алдынғұров шамамен 200-250 метр биіктіктен секіру кезінде қауіпсіздік техникасын бұзғандықтан негізгі парашюті ағытылып кеткен. Әскери қызметші қосалқы парашютті қолданған, бірақ биіктіктің жеткіліксіздігінен парашют ашылып үлгермеген. Соның салдарынан полковник Алдынғұров қаза тапты.

22 тамыз, 2019

Қазақстанда алғаш рет Пәкістанның арнайы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өтуде

«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының  «Ново-Ахмирово» полигонында Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Пәкістанның арнайы мақсаттағы бөлімшелерімен  «DOSTARYM-2019»  бірлескен тактикалық арнайы оқу-жаттығу өткізуде.

18 тамыз, 2019

Қазақстан құрамасы бесінші Армиялық халықаралық ойындардың жалпы командалық есепте марапатқа ие болды

Мəскеу облысының Алабино полигонындағы "Патриот" саябағында бесінші Армиялық халықаралық ойындарының салтанатты жабылу рəсімі мен жалпы командалық есептегі жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рəсімі өтті. Сайыс қорытындысы бойынша Қазақстан ҚК құрамасы үшінші орынды еншіледі. 

17 тамыз, 2019

Қазақстанның тау-кен бөлімшелері Еуропаның жоғарғы шыңын бағындырды

РФ ҚМ тауға дайындау орталығы базасында альпинизм бойынша "Эльбрус сақинасы –  2019" жарысы аяқталды. Қазақстан құрамасы байқаудың барлық кезеңдерін еңсеріп, үшінші орынға ие болды. Ал бірінші орын Ресей, екінші орын Өзбекстан құрамасына бұйырды.

17 тамыз, 2019

Қазақстан «Танк биатлоны» жарысының финалында «алтын» үшін сайысқа түседі

Бүгін Мәскеу маңындағы «Алабино» полигонында асыға күткен «Танк биатлоны» байқауының соңғы шешуші кезеңі өтеді. Қазақстан ақтық кезеңде жасыл танкте бірінші дивизионда Ресей, Беларусь және Әзірбайжан елдерінің танк экипаждарымен бір топта жарысады.

16 тамыз, 2019

Армия ойындарына қатысушылар Халық Қаһарманы Сағадат Нұрмағамбетовтың монументіне гүл шоқтарын қойды

Армия халықаралық ойындарына қатысушы елдердің әскери қызметшілері Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы тұңғыш Қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың монументіне гүл шоқтарын қойды.

15 тамыз, 2019

Қазақстандық Су-25 экипажы «Авиадартс» конкурсында үздік өнер көрсетті

Ресейдің Рязань облысында «Дубровичи» полигонында  АрХО-2019 аясында өткен «Авиадартс» байқауының үшінші кезеңі өз мәресіне жетті. Жарыста Қазақстан, Ресей, Қытай және Беларусь елдерінің үздік ұшақ экипаждары бақ сынасты. Аталмыш байқауда Қазақстандық Су-25 экипажы сәтті өнер көрсетіп, басымдық танытты.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама