• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

17 мамыр, 2019

Қазақстандық бітімгершілер миссиядан оралды

Қазақстан Қарулы Күштері бірінші құрама бітімгершілік ротасының әскери қызметшілері Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері миссиясының құрамында БҰҰ-ның мандатына сәйкес бітімгершілік қызмет бойынша оларға жүктелген міндеттерді сәтті орындап, абыроймен Отанына оралды.

Қазіргі заманғы Қазақстан Қарулы Күштерінің тарихында алғаш рет 2018 жылғы 31 қазанда қазақстандық бітімгершілік полк құрама бітімгершілік ротасының 120 әскери қызметшісі «ҮндҚазбат» үнді батальоны құрамында «Ливандағы БҰҰ-ның уақытша күштері» миссиясына қатысу үшін Ливан Республикасына жіберілді.

6 ай бойы қазақстандық бітімгершілер өңірдегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жөніндегі міндеттерді және жергілікті жерді патрульдеу, бақылау бекеттерін ұйымдастыру, атыстың тоқтатылуының сақталуын бақылау,  азаматтық халыққа көмек көрсету бойынша функцияларды лайықты түрде орындады, сондай-ақ миссияның штабы өткізген барлық іс-шараларға қатысты.

БҰҰ-ның халықапалық базасында бірінші бітімгершілік ротаны ҚР ҚК-ның кезекті бітімгершілік контингенті алмастырды. Бітімгершілік контингенттің ротациялану процесі 2 кезеңде өтті. Бұл командалық лауазымдар мен мүлікті сапалы ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Ротацияның бірінші кезеңіне 64 әскери қызметші кірді. Екінші кезеңде ротаның жауапкершілік аймағын тапсыруды жүзеге асыра отырып, ұлттық бітімгершілік бөлімшенің жеке құрамын толық ауыстыру жүргізілді.  

БҰҰ-дан миссияға қатысқан әскери қызметшілерге БҰҰ-ның Бас ассамблеясы бекіткен мөлшермелер бойынша шығындар төленеді. Бұл бір әскериге 1428 АҚШ долларын құрайды. Қосымша әрбір әскери қызметшіге күніне 1,28 АҚШ доллары көлемінде тәуліктік шығындар төленді. Тамақ пен тұру БҰҰ есебінен жүргізілді.  Сондай-ақ әскери қызметшілер ҚР Қорғаныс министрлігі есебінен теңгеде ақшалай үлеспен қамтамасыз етілді.

Бітімгершілік операциядан оралған соң әскери қызметшілер мемлекет есебінен санаторлық-курорттық ем қабылдауға жіберіледі. Бітімгершілік операцияларға қатысқан (атсалысқан) әскерилерге жыл сайынғы еңбек демалысына қосылатын ұзақтығы екі аптаны құрайтын қосымша демалыс ұсынылады.

Бітімгершілік операцияларға қатысқан (атсалысқан) әскерилерге бітімгершілік операцияларға қатысу кезеңінің бір айы бір жарым ай болып жеңілдік жағдай негізінде есептелінеді.

Ливандағы БҰҰ миссиясының, сондай-ақ «ҮндҚазбат» батальонының қолбасшылығы қазақстандық бітімгершілік дайындығына жоғары баға бергенін айта кету қажет. Ұлттық бітімгершілік бөлімшенің миссияға қатысуы халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға үлес қосып қана қоймай, сонымен бірге, халықаралық қауымдастықтың жауапты мүшесі ретінде Қазақстанның беделін  нығайтады. 

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама