• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

18 мамыр, 2019

Алматыда «АрХО-2019» халықаралық байқауларының өткізілу аудандарын алдын ала барлау жүргізілді

«Отар» 40-шы әскери базада ҚР ҚК Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Д. Оспановтың жетекшілік етуімен «Артиллериялық оқ ату шеберлері», «Сұңқар аңшылығы» және «Сенімді қабылдау» халықаралық байқауларының қатысушыларын орналастыру және өткізілу орындарын алдын ала барлау жүргізілді

 

Іс-шараға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қытай, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанның әскери өкілдері қатысты. Алдын ала барлау барысында қатысушылар оқу-жаттығу полигондарында байқаулардың өткізілу орындарын қарап шықты. Онда оларға әскери техника мен қару-жарақтың үлгілері ұсынылды, байқау кезеңдерін орындау кезңнде практикалық іс-қимылдар, сондай-ақ командалардың тұруы мен тамақтануы орындары көрсетілді.

Биылғы жылы Армиялық халықаралық ойындар шеңберінде Қазақстанның аумағында ҰҰА есептоптарының «Сұңқар аңшылығы», «Артиллериялық оқ ату шеберлері» сайыстары және әскери байланысшылардың «Сенімді қабылдау»  байқауы өтеді. Ағымдағы жылы Армиялық ойындар 10 мемлекеттің аумағында өтеді. Ойынның 32 байқауының ішінен Қазақстан әскери қызметшілерінің 16 байқауға қатысуы жоспарлануда.  

Естеріңізге сала кетсек, өткен жылғы сайыстардың қорытындысы бойынша ҚР Қарулы Күштерінің құрамасы 32 елдің ішінен жалпы командалық үшінші орынды еншіледі. Қазақстанның командасын ұйымдастырушылар ең көрнектілердің бірі деп таныды. Ойынның төрешілер алқасының мүшелері дайындықтың жоғары деңгейін, қазақстандық әскери қызметшілердің кәсібилігі мен жауынгерлік машығын атап өтті.

278
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама