• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

31 мамыр, 2019

Қазақстанның Қарулы Күштерінде қауіпсіздік шаралары бойынша әдістемелік-нұсқау беру сабақтары өткізілуде

2019 жылға арналған ҚР ҚК дайындық жоспарына сәйкес жазғы оқыту кезеңі басталар алдында барша жеке құрамды  тарта отырып, қауіпсіздік шаралары бойынша кешенді әдістемелік-нұсқау беру сабақтары өткізілуде.

Сабақтардың негізгі мақсаты әскерлердің күнделікті қызметін ұйымдастыруда бірыңғай көзқарасты пысықтау және қызмет өткерудің қауіпсіз жағдайларын қалыптастыру болып табылады. Ең үздік, тәжірибелі әдіскерлер жеке құрамға нормаларды, нұсқаулықтарды және жұмыстарды жүргізу кезінде қауіпсіздіктің сақталу қағидаларын түсіндіреді, сондай-ақ  тәжірибелі үлгілерде (сұлбаларда) бұзушылықтардың ықтимал салдарларын көрнекі түрде паш етеді. 

Қауіпсіздік шараларының  сақталуының барлық себептерінің талдауын негізге ала отырып, жеке құрам арасында әскери бөлімдердің қолбасшылығы қауіпті жарақат факторы ықтималдылығының азаюына бағытталған жаңа пәрменді алдын алу шараларын әзірледі.  «Әлбетте, күнделікті тыныс-тіршіліктің міндеттерінің орындалуы әрбір әскери қызметшінің денсаулығы мен өмірі үшін үлкен қауіп-қатерлермен жанасады. Әдістемелік-нұсқау беру сабақтары барлық санаттағы әскери қызметшілер арасында жарақаттануды алдын алу және болдырмауда тиімді», - деді 68665 әскери бөлімінің командирі подполковник Н. Кәрібаев. Мұндай сабақтардың өткізілуі соңғы жылдары тұрмыстық, өндірістік жарақат пен күнделікті қызметтегі жарақатты он есеге азайтты.

507
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама