• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

25 маусым, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігінің әскери саперлері Арысты минадан тазарту жұмыстарын орындауда

Қазіргі уақытта оқиға орында жарылғыш заттармен тиісті жұмыс тәжірибесі бар әскери қызметшілерден құралған тоғыз минадан тазарту тобы жұмыс жасауда. Аталған топтар жарылмаған оқ-дәрілерден аймақты тазарту бойынша кешенді шараларды орындайды.

Оқ-дәрілерді тазарту жөніндегі жұмыстар қоймаларды жарылғыш заттардан және елді мекендерге жақын орналасқан басқа сақтау орындарынан барынша тазарту мақсатында ұйымдастырылды. Бірінші кезекте Арыстағы темір жолдар мен қала тұрғындарының үйлеріне оралғандағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арсенал іргесіндегі ғимараттарды тазарту жүргізіледі.

Бұдан басқа, ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалана отырып, Арыс қаласының жерлерін және арсеналдың техникалық аумағын барлау жүзеге асырылады.  Бұл аппарат инженерлік бөлімшелердің жұмыстарын бақылаап қана қоймай, жарылғыш заттардың табылғаны жөнінде жедел штабқа хабарлайды. Соның арқасында Шымкент қаласына бағытталған дала өртінің таралу қаупі уақытында анықталған болатын. Әскери полиция бөлімшелері күндіз-түні күзетіп, 700-ге жуық әскери қызметші қаланы бақылауына алды.

Сонымен қатар оқиға орнында 1200 адамға арналған далалық лагерь ашылды. Тамақ беруді ұйымдастыру үшін механикаландырылған далалық наубайхананы қосқанда, шаруашылық заттарының пунктері ашылды.

Өкінішке орай, алған жарақаттан келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші аға сержант Б.М. Әлімбеков қаза болды, ал екінші жоғалып кеткен әскери қызметші табылды, қазір ол емдеу мекемесіне орналастырылды.

Оқ-дәрілер жарылысының салдарын жоюға жеке құрамнан 1800-ге жуық адам және 50 бірліктен аса техника жұмылдырылғаны алдында айтылған болатын. ҚР Қарулы Күштері жеке құрамының күшімен оқиғаның салдарын жою және әлсірету шаралары жүргізіліп жатыр.

277
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві