• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

28 маусым, 2019

Арыстағы тазарту жұмыстары аяқталды

Қорғаныс министрлігі Арыс қаласын толық тазартты. Төтенше жағдайды жою орнында қаланы тазарту және жергілікті тұрғындардың қайту барысын жеке бақылауына алып, ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаевтың өзі жүр.

Қорғаныс ведомствосының басшысы Түркістан облысының әкімі Ө. Шүкеевпен бірге қаланың 17 секторының жедел штабын аралады, халықпен кездесіп, олардың сұрақтарына жауап берді.

 Арыс аумағын жарылыс қаупі бар заттардан толық тазарту үшін 17 секторға бөлгенін айта кеткен жөн.  Сағат 5.00-де тазартылған жерлердің бәріне бақылау тексеруін жүргізді. Аймақтарды тазарту аяқталған соң Арыс-1 және Арыс-2 бекетінен барлық бағыттарда пойыздар қозғалысы қайта қосылды.

ҚР ҚК радиациялық, химиялық және биологиялық барлау топтары СЭС-пен бірлесіп қаланың радиациялық, биологиялық жағдайына толық мониторинг жасады. Радиациялық жағдайды анықтау кезінде уландыратын және уы қатты әсер ететін заттар табылған жоқ.

Қалада саперлер жасағы жұмысын жалғастыруда, ұдайы әуе барлауын жүргізу үшін ұшқышсыз ұшу құрылғылары ұшырылды, арсенал мен сол маңайға мониторинг жасалып, оның мәліметтері жедел штабқа  беріледі.

6000-нан астам оқ-дәрі бөлшектері жиналды, одан әрі қауіпсіз аумаққа әкетілді. Жергілікті тұрғындар оқ-дәрілер бөлшектерін тауып алған жағдайда келіп мәлімдеуі үшін ұтқыр инженерлік-саперлер постары ұйымдастырылды,

Қазіргі уақытта жеке құрам Арыс тұрғындарының өз үйлеріне орнығуына көмек көрсетіп жүр. Әскери психологтардан құралған топ кешенді шаралар, атап айтқанда, халыққа кеңес беруді жүзеге асыруда.

290
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві