• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

26 маусым, 2019

Арыста оқиға салдарын жою жұмыстары жалғасын табуда

Қорғаныс министрлігінің бөлімшелері оқ-дәрілер қоймасында орын алған жарылыс салдарын жоюда, сондай-ақ зардап шеккендерге қажетті көмек көрсету іс-шараларын жүргізуде.

Жарылыс салдарын жоюға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда. Аталған шараға Қарулы Күштердің жеке құрамынан 1800-ден астам адам және 200 бірлікке жуық қару-жарақ пен әскери техника  қатысуда.

Минасыздандыру топтары қазірдің өзінде 2500-ден астам әскери үлгідегі заттарды тауып, 16 шақырым қашықтықтағы  16 көше, 8 теміржолды тазартты. Жергілікті халық оқ-дәрілер бөлшектерін көрген жағдайда айту үшін ұтқыр инженерлік-саперлік постар ұйымдастырылды. Қосымша инженерлік-саперлік бөлімшелер жеткізілді, қазіргі уақытта олардың жалпы саны 550-ге дейін жетті және 50 топты құрады.

 Ұшқышсыз ұшу құрылғыларын пайдалана отырып Арыс қаласының жерлеріне және арсеналдың техникалық аумағына ұдайы барлау және мониторинг жүргізілуде.

Әскери полиция органдарымен әскери қалашықтың аумағындағы әскерилер тұратын жерлерде және қаланың өзінде тәулік бойы күзету жүзеге асырылып, бақылау-өткізу режимі ұйымдастырылды және жедел топтың аумағына да бақылау жүргізілуде.

Бұдан өзге, Қарулы Күштердің әскери қызметшілері және Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаменті бірлесіп өрт ошағын жойды.

Арыс гарнизонындағы жеке құрамды санитарлық-эпидемиологиялық қамтамасыз етуді жүргізу үшін жылжымалы зертхана ашылды. Сондай-ақ сырқаттарға іс жүзінде медициналық көмек көрсету және көшіру мәселелерін шешу мақсатында Алматы қаласы Әскери клиникалық госпиталінен құрамында нейрохирург, травматолог, реаниматолог, хирург, стоматолог, терапевт, сондай-ақ санитарлық нұсқаушылары бар медицина қызметкерлері келді.

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама