• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 шілде, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментіне жаңа басшы тағайындалды

ҚР Қорғаныс министрі генерал-майор Н. Ермекбаев ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаментінің бастығы етіп Данияр Әлжановты тағайындалды.

Данияр Бейсенғалиұлы Әлжанов 1985 жылдың 31 наурызында Қарағандыда туған. «Болашақ» бағдарламасының түлегі.  2016 жылы «Адам ресурстарын басқару және персоналдарды оқыту» мамандығы бойынша Лестер Университетінің (Ұлыбритания) магистратурасын бітірген.

Өзінің еңбек жолын 2007 жылы  Қарағанды қаласының білім беру басқармасының  әдіскер-талдаушы қызметінде бастаған.

2008 жылы Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің Жастар ісі жөніндегі комитетінде жұмыс істеген.

​2010 жылы Осакаров ауданы, Шахтинск және Қарағанды қалалары әкімшілігінің әлеуметтік-мәдени шеңберіндегі түрлі салаларында, Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасында жұмыс істеген.

2012 жылы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің құрылымында жұмыс істеді: Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Ақпарат және мұрағат комитеті баспасөз БАҚ басқармасының сарапшысы.

2014 жылы – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті, баспасөз БАҚ-тағы және интернет-ресурстардағы ақпарат жұмысы басқармасының бас сарапшысы.

2016 жылғы шілдеден бастап – Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті басқармасының бастығы.

2017 жылғы қыркүйектен бастап – «Қазконтент» АҚ басқарма төрағасының орынбасары.

2018 жылғы шілдеден бастап – «Нұр Отан» партиясы Саяси жұмыстар департаментінің директоры.

Қорғаныс министрінің бұйрығымен 1-дәрежелі капитан С. Борамбаев басқа лауазымға ауысуына байланысты ҚР Қорғаныс министрлігі Ақпарат және коммуникациялар департаменті бастығының лауазымынан босатылған болатын. Қорғаныс ведомствосының бастығы С.Ж. Борамбаевты Қарулы Күштердің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарына, журналистермен және жастармен байланысты реттеуге қосқан үлесі үшін алғысын білдірді.

256
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві