• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

11 шілде, 2019

Нұрлан Ермекбаев: Біз Сіздермен біргеміз!

Қорғаныс министрі Арыс қаласының ақсақалдарымен және қоғаммен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар өңірде төтенше жағдайдың салдарын жою және қаланың тыныс-тіршілігін қалпына келтіру жөніндегі жұмыстардың барысы туралы Қорғаныс министрлігі жүргізіп жатқан шаралар туралы ақпараттандырылды.

Қорғаныс ведомствосының басшысы арсеналдағы мүмкін болған себептер туралы айтып берді. Олардың арасында немқұрайлық, қасақана өртеу, өртке қарсы қауіпсіздік ережелерінің бұзылуы және т.б. Арыс қаласының тұрғындары оқ-дәрілер фрагменттерін кәдеге жарату, қалған оқ-дәрілерді әкету кезіндегі қауіпсіздік шараларына қатысты көкейде жүрген сұрақтарын қойды. Сондай-ақ қаланың бірқатар аудандарында құрылыс жұмыстарын тездету туралы сауал көтерілді.

Кездесуге қатысушылар саперлар мен әскери өрт сөндірушілердің жоғары кәсібиліктерін атап өтіп, олардың жұмысына жоғары баға берді.

Естеріңізге сала кетсек, бүгінгі күні қалада саперлар жасағы, ұшқышсыз ұшатын аппараттар өз жұмыстарын жалғастыруда. Ұдайы әуеден барлауды жүргізуде, арсенал мен қала маңына іргелес жердің мониторингісін жүргізуде. Ал одан кейін ақпаратты жедел штабқа таратуда. Қосымша тікұшақпен ұшып өту жүзеге асырылуда. Саперлар тобы пәтерлер мен үйлерді тексеруді жалғастыруда. Әскерилер қаладан 60 км қашықтықта орналасқан полигондағы оқ-дәрілердің фрагменттерін жоюды жалғастыруда.

"Әртүрлі күмәнді заттардың табылуы мәселелері бойынша жергілікті тұрғындармен белсенді түсіндіру жұмысы жүргізілуде. Үйлерді тексеру жүргізілуде...Таяу уақытта­_тергеу жұмыстары аяқталып, кінәлі адамдар анықталатын болады және заңға сәйкес­­_қатаң жауапқа тартылады. Осы оқиғаға қатысты барлық сұрақтар_менің жеке бақылауымда", - деді қорғаныс министр Нұрлан Ермекбаев. 

А.ж. 5 шілдеден бастап Қорғаныс министрлігі қалған оқ-дәрілерді әкетуді бастады. Сондай-ақ кездесуге Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев қатысты.

432
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві