• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

05 тамыз, 2019

300-ден астам талапкер әскери ұшқыш болуды армандайды

Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институтында талапкерлерді қабылдау, іріктеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі таңда 300-ден астам ер бала оқуға түсуге өтініш білдірген.

Қабылдау комиссиясының айтуынша, әскери білім алуды ниет еткен мектеп түлектері әртүрлі қалалардан, облыстардан келіп жатыр. Үміткерлердің қатарында «Жас Ұлан» респубикалық әскери мектебінің және «Арыстан» лицейінің түлектері де бар.

Әлішер Мұхаметқали - жас талапкер. Балалық шақтағы арманын орындау үшін әскери оқу орнына түсуге Семей қаласынан келіпті. Болашағымды әскермен байланыстырғым келеді деген Әлішер, іріктеу кезеңдерінен сүрінбей өтемін деп алдына үлкен мақсат қойып отыр.

Әскери жоғары оқу орнына, оның ішінде ұшқыш мамандығына түсу кімге де болсын оңайға соқпасы анық. Бұл жерде түлектерге қойылатын талап та жоғары.  Жас талапкерлердің тек білім сапасы ғана емес, сондай-ақ дене дайындығы, денінің саулығы да ескеріледі.

Жалпы іріктеу үш кезеңнен тұрады. Ең алдымен, талапкерлер психологиялық тест тапсырады, содан кейін дене дайындығын анықтап, жіті медициналық комиссия бақылауынан өтеді. Осы жылғы конкурс бойынша бір орынға төрт адам үміткер. Мұндай  көрсеткіш, ең алдымен, сапалы кадрларды дайындауға септігін тигізеді. Себебі, талапкерлер конкурстық іріктеудің барлық кезеңдерінен сүрінбей өтуі үшін дайындықтарын күшейтеді.

«Біздің мақсатымыз – сапалы білім беру, «жоғары пилотаж» мамандарын дайындап шығару. Біз түлектерді тек іріктеп қана қоймаймыз, олардың ішінен үздіктерін таңдап аламыз» -  дейді әскери институттың ұшқыштарды іріктеу және дайындау жөнінде басшысы полковник Әлім Ибраев.

Екі мәрте Кеңес Одағының батыры Т. Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің Әскери институты  - әскери авиация  мамандарын дайындайтын Орта Азиядағы жалғыз жоғары оқу орны. Майдан, армия және әскери-көлік авиациясының ұшқыш-инженерлері, әуе қозғалысын басқару, әуе кемелерінің навигациясы жөніндегі мамандар, инженерлер - барлығы осы институт қабырғасында білім алып шығады.

93
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама