• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

07 тамыз, 2019

ҚР Қорғаныс министрлігінің аумағында дрон залалсыздандырылды

Бүгін Қорғаныс министрлігінің бақылау-өткізу пунктінің аумағында ұшқышсыз ұшу аппараты (квадрокоптер) анықталып, залалсыздандырылды.

Квадракоптердің иелері ғимаратты күзету бойынша әскери полиция сақшыларымен ұсталып, Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының патрульдік полиция полкінің қызметкерлеріне тапсырылды.

Қорғаныс министрлігі өз тарапынан дрон иелеріне әуе кеңістігін пайдалану ережелерін, сондай-ақ ҚР «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы»  Заңымен реттелетін ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану тәртібін қатаң сақтау қажеттігі туралы қайталап еске салады. Әскери объектілердің үстінен ұшқышсыз ұшу аппараттарын рұқсатсыз пайдалану - ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 563-бабын бұзу болып табылады және жеке тұлғалар үшін – 10 АЕК, лауазымды тұлғалар үшін – 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Әскери объектілердің үстінде дрондарды ұшыру "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 33-бабы 3-тармағына сәйкес Мемлекеттік күзет қызметімен  келісілуі тиіс. Заңнаманы бұзған жағдайда ұшқышсыз ұшу аппараттары арнайы басу құралдарымен залалсыздандырылады, ал оның иелері әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

111
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама