• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

09 тамыз, 2019

Қазақстан Әскери әуе күштерінің ұшқыштары Ресейдің әуеайлығында ұшу және барлау техникаларын пысықтауда

«Авиадартс-2019» конкурсына қатысушылар Рязаньдағы әуеайлақта ұшу бағдарламасына кірісті. Қазақстанның, Ресейдің, Беларустың және Қытайдың әскери ұшқыштары әуе барлауын жүргізу және ұшу техникасын пысықтау бағыттарымен ұшулар орындады.

Бұл кезеңді авиацияның жойғыш, бомбалаушы, шабуылдаушы, армиялық және әскери-көліктік авиациялардың 43 экипажы орындайды. Командалар өздерінің ұшақтарымен және тікұшақтарымен ұшады. Қазақстанның атынан Ми-35 жауынгерлік тікұшағының, Ми-171Ш әскери-көліктік тікұшағының, Су-30СМ, Су-25 жойғыш ұшақтарының экипаждары шығады.

Ұшу барысында орындауға мына тапсырмалар кірді: жетекші және оған ерген экипаждың арақашықтығын және интервалын сақтай отырып бақылау нүктелері арқылы белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген бағытпен ұшу, артқы шаршыда аспандағы нысананы көзбен шолып табу және олардың координаттарын анықтау.

«Ұшу бағдарламасының әрбір элементі қазылар комиссиясының мамандарымен бағаланады, әр элементте айып санкциясы қарастырылған. Мысалы, әуеде бақылау нүктелерінен өтуде уақыттың сақталмағаны үшін. Егер экипаждар ұшу кезінде арақашықтықты бұзып, алшақтаса немесе жақындаса – онда айып салынады», - деп конкурстың бас қазысы генерал-майор Олег Маковецкий атап өтті.

Сондай-ақ экипаждарды барынша әділ бағалау үшін қазылар мәліметті әуе кемелеріне орнатылған объективті бақылау құралдарынан ала алады.

Конкурсты өткізу аясында жойғыш, шабуылдаушы, бомбалаушы мен армия авиациясының ұшқыштары штаттық жұп құрамында әуе барлауы мен ұшу техникаларын пысықтады. Сонымен қатар командалар бірқатар ұшу тапсырмаларын орындады: экипаждың арақашықтығын және интервалын сақтай отырып бақылау нүктелері арқылы белгілі бір уақыт аралығында көрсетілген бағытпен ұшу, артқы шаршыда аспандағы нысананы көзбен шолып табу және олардың координаттарын анықтау.

Екі кезеңнің қорытындысымен қазақстандық ұшқыштар үздік үштікте.

157
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама