• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

12 тамыз, 2019

Арменияның әскери полигонында «Бейбітшілік жауынгері» анықталды

Арменияда «Армия халықаралық ойындары-2019» аясында «Бейбітшілік жауынгері»  халықаралық кәсіби шеберлік конкурсының нәтижесі шығарылды. Қазақстанның әскери қызметшілері 3-орын, екінші – Ресей командасы, ал бірінші орын конкурс қожайындарының еншісінде қалды.

«Бейбітшілік жауынгері» армия ойындарының басқа конкурстарынан ерекше. Оған келісімшарт қызметіндегі әскери қызметші  ер азаматтар, не әйелдер қатысады. Қатысушылар дене даярлығы мен кәсіби әскери даярлығын көрсетіп қана қоймай, әскери іс пен әскери тарихты, сондай-ақ өзінің шығармашылық талантын көрсетуі тиіс. Яғни әскери қызметші тек әскери міндеттерді орындап қана қоймай, сегіз қырлы бір сырлы, яғни жан-жақтылығын көрсете білуі шарт.

Бұрын аталған конкурс «Достастық жауынгері» деп аталатын және ол ТМД елдерінің әскери қызметшілері арасында өтетін. Енді ол өзінің әлемдік деңгейдегі өрісін кеңейтті.

Бұл жарысқа қатысу үшін биыл Қазақстан, Ресей, Армения, Иран, Беларусь пен Греция командалары келді.

Қазақстан армиясының әскери қызметшілері аталған конкурсқа едәуір тәжірибемен келген ел. Өткен жылы біздің команда барлық елдердің кәсіпқойларын артқа тастап, абсолютті жеңімпаз атанған.

197
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві