• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

12 тамыз, 2019

Қазақстанның әскери дәрігері халықаралық жарыста бірінші орынды иеленді

Өзбекстанның «Фориш» полигонында қазақстандық әскери дәрігерлер командасы «Әскери-медициналық эстафета» сайысында жоғары нәтижелер көрсетті.

Кіші және орта медициналық персоналдар арасында өткен сайыстың «Жеке шеберлік» атты бірінші кезеңінде арнайы дағдылар мен кедергі жолақтарынан өтуді көрсетуден жаттығулар орындалды.

Әйелдер арасындағы жеке сынақтың қорытындысымен бірінші орынды медицина қызметінің аға лейтенанты Ақбөпе Таңатарова иеленіп, ерлер арасында медицина қызметінің аға лейтенанты Нұржан Қапезов ерекше көзге түсті. Жарыстың нәтижесімен ол үшінші орынды қанжығасына байлады.

Арнайы даярлық кезеңінің аясында әскери дәрігерлер жаралыларға көмек көрсету және оларды ұрыс алаңынан алып кету тапсырмаларын орындады. Атап айтқанда, жаралыларға жақындау, қанды уақытша тоқтату, жаралыны алып жүру, жүрек-өкпе ағзаларының жұмысын реттеу, алғашқы таңуды жүргізу және жауынгерді ұрыс алаңынан әкету.

Ұрысқа жақындатылған жағдайды жасау үшін  ұйымдастырушылар атап өткендей, экипажбен кедергілерден өту кезіндегі аралықта жүргізілген іс-қимыл бағытында миналар имитациялық бүркемелеу жасалды. Бұдан өзге, биылғы жарыс бұрынғыдан өзгерек өтті. Жарыс кедергі жолақтарын игеру және кейінге қалдыруға болмайтын жағдайларда медициналық қимылды орындау арқылы жүргізілді.

Алда әлі конкурстың  - «Үздік механик – жүргізуші» атты екінші кезеңі бар. Оның нәтижесімен конкурс қорытындыланып, жеңімпаздардың есімі белгілі болады.

Өзбекстан алғаш рет өз өңірінде армия ойынын, яғни «Әскери-медициналық эстафета» сайысын өткізіп отыр. Биыл әскери дәрігерлер сайысына 11 ел: Әзербайжан, Ангола, Армения, Беларусь, Въетнам, Зимбабве, Мьянма, Ресей, Қазақстан, Тәжікстан мен Өзбекстан қатысуда.

195
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві