• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

13 тамыз, 2019

Қазақстандық мергендер халықаралық деңгейдегі үздіктердің бірі деп танылды

Беларусь Республикасының Брест қаласында Армия халықаралық ойындары аясында өтіп жатқан «Мерген шебі» конкурсы өз мәресіне жетті. Қазақстандық мергендер ойын қорытындысымен үшінші орынды иеленді, ал бірінші орын – конкурс қожайындарының еншісінде, екінші орын – Ресейліктерде.

Аталған «Мерген шебі» конкурсы үш кезеңде өтті: жеке сынақ, жұптық сынақ және мергендер эстафетасы. Жеке сынақ кезінде мергендер күндізгі және түнгі уақытта мерген мылтығымен нысананы атуды жүргізді. Түрлі шептерге алты мәрте нысаналар қойылды. Осы нысаналарды мергендер 30 секундта бағдарлап, нысананы дәл атып түсіру керек болды.

«Жұптық сынақта» қатысушылар бірге жарысқа шықты. Аталған кезеңде барынша дайындалған мерген жұптары белгіленді.

Егер бірінші кезеңге 21 команда қатысқан болса, ал екінші кезеңге солардың тек 8-і ғана өтті. Атап айтқанда, Қазақстанның, Ресейдің, Беларустың, Қытайдың, Өзбекстанның, Әзербайжанның, Въетнамның және Иранның мергендері.

Конкурстың финалында мықты деп танылған Ресей, Беларусь пен Қытайдың мергендері сайысты. Мергендер эстафетасында қатысушылар граната лақтыру мен атыс шебінде атуды орындай отырып кедергі жолақтарын игеруді көрсетті.

90
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама