• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 қыркүйек, 2019

Қорғаныс министрі Білім күніне арналған салтанатты жиынға қатысты

ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев елорданың іргесіндегі Қосшы ауылындағы №2 орта мектепке барып, білім күніне орай «Саналы ұрпақ – жарқын болашақ» атты бірінші патриоттық сабақ өткізді. Білім ордасында 4 000-ға жуық оқушы білім алады.  Сонымен қатар ведомство басшысы мектеп оқушыларын, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, жас буынмен тілдесті.

Кездесуде Қорғаныс ведомствосының басшысы өскелең ұрпақпен әңгімелесті. Өз сөзінде білім – әрбір ұрпақ пен мемлекеттің игілігі құрылатын сенімді іргетасы болса, отансүйгіштік – нағыз азаматтың маңызды белгісі деп атап өтті.

«Жас ұрпақты мектеп қабырғасынан бастап табиғатқа, қоршаған ортаға, туған қаласына, көше мен үйге қарауда ұқыптылыққа, өз халқын, туын, тілін құрметтеуге үйрету қажет» , - дейді.

Сонымен қатар, Нұрлан Ермекбаев оқушыларға Қазақстанның заманауи әскері, оның құрылымы мен міндеттері жайында айтып берді. Өз кезегінде оқушылар әскерлердің техникалық жабдықталуы және 21 ғасыр әскери қызметшілерінің бейнесі туралы сұрақтар қойды.

"Есейгенде кейбіреулеріңіз Отан қорғаушы мамандығын таңдап, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына түсулеріңіз мүмкін. Сондықтан естеріңізде болсын, еліңді қорғау әрқашан жоғары азаматтық ерлік болып саналады", – деді Нұрлан Ермекбаев.

Биыл Қазақстанның әскери оқу орындарында да жаңа оқу жылы басталды. Болашақ ел қорғандарын еліміздегі 4 "Жас Ұлан" әскери мектебі, Кадет корпусы, Құрлық әскерлерінің Әскери институты, Радиоэлектроника және байланыс әскери институты, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Т. Бегелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институты, Тұңғыш Президент-Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті дайындайтын болады.

178
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН