• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

04 қыркүйек, 2019

Әскери қызметшілер Арыс қаласындағы жұмыстарды жалғастыруда

Қазақстан Қарулы Күштерінің инженерлік-саперлер бөлімшелері Арыстағы қойма аумағында тазарту, сондай-ақ жару жұмыстарын жалғастыруда.

Апта сайынғы жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев әскери қалашық пен қойма аумағын қарап, атқарылған жұмыстың нәтижелері жайында баяндамалар тыңдап және инженерлік-саперлер бөлімшелерінің жеке құрамымен кездесті. Сапардың қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берді.

Қазіргі таңда Арыс қаласында ТЖ салдарын жою, қойманы басқа жерге ауыстыру, металл сынықтарын жинау және сұрыптау, сондай-ақ Арыс гарнизондарындағы әкімшілік аумақты қалпына келтіру және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Күнделікті Қарулы Күштерде мобильді және инженерлік-саперлер тобы, тиеу-түсіру командалары, жөндеу-қалпына келтіру тобы, медициналық персонал, ветеринарлық мамандардан құралған 1500-ден астам әскери қызметшілер жұмылдырылды. Бұдан басқа, құқық қорғауды қамтамасыз ету үшін әскери полицияның қосымша жасағы, қаланың 16 секторында халықтың өтініштерімен жұмыс атқаратын және тергеу топтары құрылды.

Бүгінгі күні әскери бөлімнен тыс жерде ауданы 1250 шаршы км. астам аймақ тазартылып, әскери сүңгуірлер 30 шақырымнан астам өзен арнасын тексеріп, тазартты. 7 шақырым жол жөнделініп әскери қалашықтағы 11 тұрғын үй қалпына келтірілді. Сондай-ақ бөлімнің техникалық аумағының сыртқы қоршаулары ауыстырылды, қаланың әкімшілік – шаруашылық және техникалық аумақтарында электр қуат көзі және сумен қамтамасыз ету қалпына келтірілді. 

Айта кету керек, барлық жұмыстар белгіленген тәртіп бойынша қатаң қауіпсіздік шараларын сақтап жүргізілуде.

153
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві