• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

05 қыркүйек, 2019

Әскери қызметшілер «Менің таңдауым – балаларға көмек» қайырымдылық акциясын өткізді

Алматы қаласы, Алатау ауданы Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының әскери қызметшілері көп балалы және толық емес отбасылардың балаларын мектепке дайындауға көмек көрсетті.

«Менің таңдауым - балаларға көмек» ұранымен жыл сайын өткізілетін қайырымдылық акциясы аясында балаларға мектеп формасы, жолдорба, кеңсе тауарларын, сондай-ақ тамақтар сынды көмектер көрсетілді. Естеріңізге сала кетейік, жергілікті әскери басқару органдары және Алматы қаласының әскери-техникалық мектебі аталмыш қайырымдылық шарасын көп балалы және аз қамтылған отбасыларға ғана емес, сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі балаларға және балалар үйінің тәрбиеленушілеріне де ұйымдастырылады.

Бұдан басқа, әскери қызметшілер мүмкіндігі шектеулі балалар оқитын №2 мамандандырылған мектеп-интернатының тәрбиеленушілерін ерікті түрде қамқорлықтарына алды. Балаларға арналған жаңа жылдық мерекелер қарсаңында аниматорлардың қатысуымен іс-шаралар өткізіліп, сыйлықтар ұсынылып тұрады. №1 балалар үйінің тәрбиеленушілеріне тамақ, ойыншықтар мен қажетті заттар әкелінеді.

«Балаларға көмектесу аяқ астынан жасалатын тілек емес. Біріншіден, бұл жылулық пен қамқорлық танытуға деген шынайы ниет қажет. Барлық балаларға қамқорлық пен сүйіспеншілік керек, әсіресе денсаулықтары шектелген балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға», - дейді Алматы қаласы, Алатау ауданының Қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы полковник Гаухар Сырлыбаева.

184
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН