• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

09 қыркүйек, 2019

Каспий флотилиясы кемелері Ақтау портына достық сапармен келді

Ресей Федерациясының Әскери-теңіз флотының кіші артиллериялық «Махачкала» кемесі мен кіші гидрографиялық «Анатолий Гужвин» кемесі Ақтау қаласы портына достық сапармен келді.

Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы Каспий флотилиясына кемелер жасағының келуі екінші мәрте өткізіліп отырғандығын айтады. Кездесудің басты мақсаты – екі елдің флоттары арасындағы әскери ынтымақтасты нығайту және дамыту.

Қазақстан Әскери-теңіз күштері қолбасшылығы мен Маңғыстау облысы басшылығы Ресей Әскери-теңіз флоты өкілдерін қарсы алды. Сапар барысында ресейлік әскери кемелер экипажы үшін спорттық жарыстар ұйымдастырылып, екі елдің әскери қызметшілері физикалық дайындықтарын көрсетті. Сонымен қатар мәдени бағдарлама аясында өлкетану мұражайында болды.

Қазіргі таңда Қазақстан Әскери-теңіз күштері мен Ресей Федерациясы Әскери-теңіз флоты арасындағы ынтымақтастық кадрларды дайындау саласында жүргізілуде.  Сондай-ақ қазақстандық офицерлер Санк-Петербург қаласының Әскери-теңіз академиясында кеме командирлері, жауынгерлік бөлім командирлері, флагмандық мамандары бойынша барлық әскери-теңіз бағыттарында курстық оқуды игеріп, қазақстандық курсанттар әскери теңіз мамандықтары бойынша Ресейдің аталмыш жоғарғы оқу орнында білім алуда. Ресейлік және қазақстандық Каспий су айдынында жиі түрде бірлескен оқу-жаттығулары өтеді.

146
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві