• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

01 қазан, 2019

Әскери қызметшілер Қазақстаның барлық өңірлеріндегі ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады

Қазақстанның барлық өңірлеріндегі әскери түр мен тектерде, өңірлік қолбасшылықтарда, әскери бөлімдер мен әскери оқу орындарында халықаралық қарттар күніне орай іс-шаралар ұйымдастырылды. Қарулы Күштердің әскери қызметшілері ардагерлер мен зейнеткерлерді құттықтады.

Алматы қаласындағы Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің басшылығы мен жеке құрамы парашютті-десанттық бригада құрамында соғысқа қатыстақан 102 жастағы ардагер Александра Казанцеваның,
сондай-ақ ҰОС-ның қатысушысы, көрнекті жазушы Әбдіжамал Нүрпейісоваға және «Казахстанская правда» газеті атындағы халықаралық майдандық клубтың Президенті Леонид Гришті құттықтап, жағдайларын сұрады.

Әскери қызметшілер ардагерлерге сыйлықтар сыйлап, шын ниеттерімен қажымас қайрат, болаттай берік, темірдей мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр мен амандық тіледі.

«Біз тек қана мереке күндері ғана емес, күнделікті негіздеде асыл қазыналарымыздың хал-жағдайларын біліп тұрамыз. Дәл ардагерлер мен қарттар бізге үлкен өмірге қадам бастырып, таусылмас білім мен тәжірибе сайылады. Оны әрдайым жадымызда сақтауымыз қажет. Біз олардың көп жылдық еңбегі мен зор қызметіне алғыс айтамыз. Мықты денсаулық пен ұзақ ғұмыр тілейміз», – деп атап өтті Алматы қаласындағы Қорғаныс істер жөніндегі департаменттің бастығы полковник Амантай Үсербаев.

Сонымен қатар радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты мен Құрлық әскерлері Әскери институтының курсанттары Ұлы Отан соғысының ардагерлерін, Виктор Пюро мен Елизавета Филатованы құттықтап қайтты. Майдангерлер сыйлықтар мен құттықтауларын қабыл алып, болашақ офицерлермен құштарлана әңгімелесті.

Соғыста медбике болған кіші сержант Елизавета Филатова, ұрыс даласындағы жаңбырша жауған оқтардың арасында жаралы жауынгерлерді медициналық пункттерге тасығандарын, алғашқы көмекті қалай жасағандарын баяндап берді. Аға сержант Виктор Пюро Ленинград майданындағы соғыста артеллерист болған.

Курсанттар үшін сұрапыл соғыс жылдарында ерлік көрсеткен ардегерлер, оларға әрдайм батылдық, қайтпас қайсарлық пен беріктіктің ерен үлгісі болатынын мақтанышпен айтады. «Қарттар күні – қарт буынға түсіністікпен, сыйластықпен қарау керек екендігін еске салады. Біз олардың алдында қарыздармыз, алайда асыл қазыналарымыздың өмірлерін нұрға және жылуға толтыру біздің қолымыздан келеді. Біз жылы сөздермен оларды қолдауға тиіспіз» – деді болашақ офицер.

«Жас Ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріде шет қалмады. Шымкент қаласындағы ұландар Сұлтанбек Төрекелді ардагерді құттықтады. Үйінің аумағына сенбілік ұйымдастырып, әңгіме-дүкен құрып, домбырада күй шертіп және де өлеңдер оқыды.

Ұлы Отан соғысының, Қарулы Күштердің ардагерлері мен зейнеткерлер әскери қызметшілердің бақылауында. Асыл қазыналардың хал-жағдайларын тұрақты түрде сұрап, қажетті көмек көрсетіп, көңіл бөліп, қамқорлық танытады. Олар үшін ең бастысы – болшақ Отан қорғаушы жас буындарға атлмыш дәстүрді көрсетіп, үлгі болу. Сол себепті осындай шараларға әскери мектептің тәрбиеленушілері мен әскери ЖОО-дың курсанттары тартылады.

135
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві