• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

02 қазан, 2019

Әскери бөлімдерге әскери-батырлардың есімін берді

Қазақстан Қарулы Күштерінің әскери бөлімдері ендігі уақытта қазақстандық армия тарихында маңызды рөл атқарған құрметті әскери қызметшілердің есімімен аталатын болады.

Өскемен қаласындағы әскери бөлімге Халық қаһарманы полковник Қасым Қайсеновтің есімі берілді.

1918 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген офицер 1938 жылы Өскемен қаласындағы саяси-ағарту техникумын бітірді. 1940 жылы әскерге шақырылып, әскери барлаушы мектебіне қабылданды. Араға бір жыл салып Киевте алғашқы ұрысқа қатысты. Әскери барлаушы мектебін аяқтағаннан кейін, Солтүстік-Батыс майданының штабына жөнелтілді. Ол жерде арнайы тапсырма алып, басқыншылардың қолында қалған Украина аумағында партизандық қимылдарды ұйымдастыру үшін жаудың тылына жіберілді. Чапаев есімімен аталған №3 жасаққа басшылық етіп, партизандық жасақ құрды және Молдавия, Чехословакия, Румыния аумақтарында диверсиялық жұмыстармен айналысты. Мина және жарылғыш жұмыстарының қыр-сырларын жақсы біліп, әртүрлі қару-жарақ түрлерін игере алды.

Офицер Қайсенов І және ІІ дәрежелі Отан соғысының, «Чехословакия партизандары» ордендерімен, жау тылында партизандық ұрысты жүргізіп, 60 адамнан құралған партизандық жасақты құрғаны үшін ІІІ дәрежелі «Богдан Хмельницкий» орденімен наградталды.

Қасым Қайсенов батыл да, физикалық жігерлі адам болды. Сол кездері жау тылына жөнелтілген партизанның керек-жарғы автомат, оқ-дәрілер, граната мен басқада қару-жарақтар салмағы 80 келіні құрады.  

Сұрапыл соғыстан кейін, офицер Отанға оралып, Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Президиум аппаратында, «Жазушы» және «Қайнар» баспаларында қызмет етті. Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығын қалпына келтіру жұмысына қатысты. Қасым Қайсенов – Ұлы Отан соғысындағы қиын-қыстау кезеңдер мен қарапайым жауынгерлердің ерліктерін шынайы баяндайтын көптеген шығармалардың авторы. Олардың ішінде «Жас партизан», «Партизан соқпақтары», «Ажал аузында» сынды танымал туындалары, сондай-ақ орыс, украин және басқада тілдерге аударылған әңгімелер мен очерктары бар.

Батырдың құрметіне Өскемен қаласында ескерткіш орнатылып, есімімен көше аталынды, Ұлан ауданының әкімшілік орталығы Қасым Қайсенов кенті деп өзгертілді.

Тараз қаласындағы әскери бөлімге генерал-майор Шәкір Жексенбаевтің есімі берілді. 1901 жыл Батыс Қазақстан облысында дүниеге келіп, Хан Ордасындағы жоғары бастауыш училищені, педогогикалық курсты тәмәмдады. 1918 жылы өз еркімен Жұмысшы-шаруа Қызыл армиясының құрамына қосылды. Ұлы Отан соғысына дейін Жексенбаев, Калини химияға қарсы әскери училищенің химияға қарсы қорғаныс батальоны командиріне дейінгі жолды жүріп өтіп ауқымды әскери тәжірибе жинады.

Ұлы Отан соғысында Жексенбаев батыс бағытындағы әскерде қызмет етіп, 3-ші Брян армиясында, оңтүстік-батыс майданында, кейін 2-ші Прибалтикалық майданында химиялық қорғау бөлімінің бастығы лауазымын атқарды.

1943 жылы 14 қазанда Жексенбаевқа техникалық бөлімнің генерал-майор әскери атағы беріліп, Отан соғысының І дәрежелі орденімен, кейін жауынгерлік қызметі үшін Ленин және Қызыл жұлдыз ордендерімен наградталды.

Зұлмат соғыс аяқталғаннан кейін генерал Жексенбаев химиялық қару және құрлық әскерлерін жабдықтау басқармасында қызмет етіп, В.Куйбышев атындағы Қызыл тулы әскери-инженерлік академиясында әскери-химиялық жұмыс жөнінде тәлім берді.

Әскери бөлімдерге отандас-батырлардың есімін беруге бөлімдердегі әскери қызметшілердің жеке құрамы бір ауыздан қолдады. Қазақстандық армияның жауынгерлік дәстүрін сақтап қалу мен Отан қорғаушылардың есімін дәріптеу идеясын ҚР Қорғаныс министрілігінің басшылығы қолдады.

212
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві