• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

04 қазан, 2019

Әскери қызметшілер Қазақстан мектептерінде ерлік сабақтарын өткізуде

Қазақстанның түрлі аймақтарында ерлік сабақтары өтуде. Ұстаздар күні қарсаңында әскери қызметшілер мен ардагерлер  мектептер мен колледждерге барып, жоғары сынып оқушыларымен және студенттермен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге Алматы қаласының 23 білім ошақтарынан 500-ден астам оқушы қатысты.

«Ерлік сабақтары болашақ Отан қорғаушы мен кез келген адамға да қажетті моральдық-психологиялық қасиеттерге үйретеді. Батылдық, табандылық пен дене төзімділігі – осының барлығы әскери қызметшіге тәрізді, барлық медицина қызметкеріне, дәрігерге, инженер мен мұғалімге де маңызды болып келеді», – дейді Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқарма бастығы полковник Гаухар Сырлыбаева.

Ардагерлер оқушыларға отан тарихында орын алған ерлік және қайғылы оқиғаларын айтып берді. Әскери қызметшілер Қазақстан Қарулы күштері мен әскери білім туралы сұрақтарға тұшымды жауап берді. «Мен өз ата-бабаларымыздың ерлік пен батырлық дәстүрлерінің мұрагері мен жалғастырушысы екенімді түсінемін және сеземін. Осындай шаралардың арқасында көптеген ақпараттарды білуге болады деп ойлаймын. Маған келер болсақ, мен – патриотпын, және бұрыннан өз мамандығымды анықтадым. Болашақта Отан қорғаушы боламын!», –  деді № 26 мектептің оқушысы Ерасыл Севетбеков.

Жақын күндері ерлік сабақтары жалпы алғанда Алматы қаласының барлық мектептерінде, сондай-ақ ұйымдастырылған басқада өңірлерде өтеді.

Атап айтқанда, Арыс қаласының орта білім беретін мектеп оқушыларымен ҚР ҚК Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор Әділбек Алдабергенов кездесті. Ауғанстандағы соғыс ардагері, әскери қызметтегі әскери еңбегі мен жетістіктері үшін жоғары әскери наградалармен марапатталған. Генерал оқушыларға әскери мамандық, Ұлы Отан соғысындағы патриотизм, намыс пен ерлік көрсеткен қазақстандық батырлардың,  әскери бөлімдерге есімі берліген әскерилер жайында,          сондай-ақ қазақстандық әскердің қазіргі әскер қызметшілерінің батылдықтары туралы айтты.

«Жер бетінде көптеген беделді, пайдалы және қажетті мамандықтар бар. Сондай-ақ Отан қорғау мамандығы деген бар! Және бұл барлық уақытта да қасиетті! Әскери қызметшілер – бұл, ең алдымен, біздің қауіпсіздігіміз. Әскери мамандары жұмысының мәні, олар күн сайын сіздер мен біздер үшін, бейбіт өмір сүріп, жұмыс істеуге, балаларды тәрбиелеп, болашаққа жоспар құруымыз үшін – өз өмірлерін қауіп қатерге тігеді», – деді генерал-майор Әділбек Алдабергенов.

Ол кәсіби мереке қарсаңында ұстаздарды құттықтап, олардың өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлесін атап өтті, сондай-ақ оқушыларға денсаулық, табандылық және оқуда табыс тілеп, өздері қалаған мамандықтары бойынша ЖОО түсуіне сәттілік тіледі.   

Оқушылар кездесуге белсенді түрде қатысып, көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Сабақтан кейін балалар генералмен бірге ағаш көшеттерін отырғызып республикалық экологиялық сағат акциясын қолдады.

164
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві