• Қарулы күштердің 2019 жылғы ұраны "Рухани жаңғыру - жауынгерлік рух тірегі"

Жаңалықтар

08 қазан, 2019

Әуе шабуылына қарсы қорғаныстың бөлімшелері полигонға далалық шығуды орындады

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелері далалық шығуды жүзеге асырды. Бір ай бойы әскери қызметшілер «Мәтібұлақ» полигонында бөлімшелердің жауынгерлік үйлесімділігін пысықтап, тактикалық, арнайы тактикалық, барлау және техникалық даярлықтан өтті.

Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің лагерьлік жиындағы басты кезеңі зениттік дивизиондардың жауынгерлік және оқу атуларымен тактикалық оқу-жаттығуды жүргізу болып табылады. Дивизиондар ЗСУ-23-2 зениттік қондырғылардан, «Оқ-10» және «Ине» зымырандық кешендерінен жергілікті және әуе нысандары бойынша атуды орындады.

«Әуе шабуылына қарсы қорғаныс бөлімшелерінің далалық шығудағы басты мақсаты далалық машықты және әртүрлі ұрыс түрлеріндегі үйлесімділікті шыңдау болып табылады. Дивизионды-тактикалық
оқу-жаттығулардың жауынгерлік ату қорытындысы біздің өңірлік қолбасшылық бөлімшелері әскери қызметшілерінің кәсіби дайындық деңгейінің біршама жетілгендігін көрсетеді» - деп «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ӘШҚҚ әскерлерінің бастығы подполковник Жасұлан Баймұсынов атап өтті.

Бөлімшелердің далалық шығу аясындағы маңызды шаралардың бірі жеке құрамды орналастыру үшін далалық лагерьді жабдықтау болып табылады.

«Оқу процесінің жақсы ұйымдастырылуы, команданың тапсырма орындаудағы анықтылығы, командирдің арқасы» - деді «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының ӘШҚҚ әскерлерінің бастығы подполковник Жасұлан Баймұсынов.

Ол әскери бөлімдерінің зениттік дивизион командирлері подполковник Равшан Азизовтің, майор Рижал Алладинов пен Мұхит Әжібаевтің сапалы жұмысын айта кетті.

Далалық шығу командирлер үшін бөлімшелерді басқарудағы дағдыларын жетілдіруге, ал зениттік бөлімшелердің әскери қызметшілері үшін шеберліктерін шыңдауға жақсы мүмкіндік.

Зениттік дивизионда қызмет етіп жүрген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер үшін далалық шығу ерекше есте қалды. Жас әскери қызметшілер өздерін күрделі жағдайларда сынап көрді. Осындай шараларда әскери бауырластық пен өзара көмек көрсету нығая түседі.

120
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві