• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

15 қазан, 2019

Қазақстан армиясында десантшылар жүйрік және мықты қырынан танылды

Қазақстан Қарулы Күштерінде дене даярлығы бойынша үздік рота байқау-конкурсы өтті. Жарыста 50-ден аса әскери бөлім, 470-ке жуық рота және шамамен 14 000 әскери қызметші дене даярлығын көрсетті.

Жарыс төрт кезеңнен тұрды. Оған әскери бөлім, әскер тектер мен өңірлік қолбасшылық, әскер түрлері және Қарулы күштер қатысты. Әскери қызметшілер әскери-спорттық кешенді жаттығулардың 6 түрі бойынша сынға түсті. Олар: 100 метр қашықтықта жүгіру, кермеге тартылу, кедергілер жолағындағы шешуші жаттығу, 3000 метр қашықтықта жүгіру, гранатаны алысқа лақтыру және 10 шақырым алыс қашықтықта жедел маршты орындау.

Әскери-спорттық кешен байқауының нәтижесі бойынша Қарулы Күштерде үздік рота болып Алматы қаласының Десантты-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлімі танылды. Барлық жеке құрам «Спортшы жауынгер» дәрежесін дәлелдеп шықты.

Жедел-марш байқауында 10 шақырым қашықтықта да десантшылар көшбасшылықты ұстады. Талдықорған қаласының Десантты-шабуылдау әскерлерінің әскери бөлім ротасы 41 минут және 38 секунд қашықтықтықты бағындырды. Нәтижесінде жеке құрамның 100%-ы бірінші спорттық дәрежені орындап шықты.

Алматы қаласындағы Десанттық-шабуыл әскерлері әскери бөлімінің аға сержанты Құлмышев байқауда 82 рет тартылуда бірден бір көшбасшы атанып, «кермеде күшпен көтерілу» жаттығуларында жоғары көрсеткішке жетті.

Байқау-конкурсының жалпы нәтижесі бойынша 7 100-ден аса әскери қызметші «Спортшы жауынгер» дәрежесін сәтті орындап, бұл алдыңғы жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 13%-ға көтерілгендігін айтып өткен жөн. «Спортшы жауынгер» дәрежесі дене даярлығы бойынша жоғары көрсеткішке жеткен әскери қызметшілерге беріліп, «Үздік», 1 және 2 сынды үш дәрежеге бөлінді.

Жауынгерлік дайындық бойынша Департаментінің айтуынша, аталмыш байқаудың негізгі мақсаты – физикалық даярлық деңгейін шыңдау, сондай-ақ әскери қызметшілердің дене дайындығын жетілдіру бойынша жағдай жасауда командирлерге талпыныс беру және оқу-материалдық базаны жақсарту болып табылады.

110
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН