• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

19 қазан, 2019

Әскери байланысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде

20 қазанда Қазақстан Қарулы Күштерінде әскери байланысшылар кәсіби мерекелерін атап өтуде. Алматы қаласындағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында қазақ армиясының байланыс әскерлерінің құрылу күніне орай салтанатты іс-шара болды.

Іс-шараға басшылық құрамы, әскери қызметшілер, сондай-ақ зейнеткерлік демалысқа шыққан Қарулы Күштер мен әскери институттың ардагерлері қатысты. Қызметте ерекше жетістіктерге жеткен әскери байланысшылар мен ардагерлер мадақтау қағаздары және алғыс хаттармен марапатталды.

«Әскери байланыс – қазақстандық армияның маңызды құрамы. Әскери қызметші-байланысшыларға күрделі және жауапкершілігі жоғары дәрежеде міндеттер жүктеледі. Қарулы Күштердің күнделікті және жауынгерлік міндеттерін орындаудағы табысы олардың жұмыстарына байланысты» - деп әскери жоғары оқу орнының бастығы генерал-майор Асқар Мұстабеков атап өтті.

Әскери байланысшылар Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтында білім алады. Бұл аталған әскерлерге офицерлерді дайындайтын Қазақстандағы жалғыз әскери оқу орны болып табылады. Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институты 2001 жылы құрылып, 2002 жылдан бастап бес жылдық оқыту бағдарламасы бойынша байланысшы курсанттарды қабылдауды бастады.

Әскери институттың қабырғасында әскери байланысшылар байланысты орнату және байланыстың әскери техникасы бойынша екі кафедрада дайындалады. Кафедралардың қазіргі заманғы зертханалық базасы бар. Институт аумағында оқу стационарлық байланыс торабы ашылған. Мұнда кусанттар практикалық және тактикалық-саптық сабақтарды орындауда мамандық бойынша қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануда және жауынгерлік қолдануда практикалық тәжірибені жинақтайды.

Сонымен қатар далалық оқу байланыс торабының автомобиль базасында байланыс құралдары бар. Курсанттар кешенді арнайы тактикалық сабақтарында маршты орындауда, байланыс тораптарын өрістету және орау, жауынгерлік бекеттердің жұмысы және жедел-техникалық құжаттамаларды пысықтауда алған теориялық білімдері мен тәжірибелік дағдыларын бекітеді.

Жоғары оқу орнының барлық оқытушылары кәсіби-педагогикалық даярлықтан, инженерлік-техникалық лауазымдарда жеткілікті деңгейде әскери тәжірибесі бар. Бұл арқылы білікті әскери мамандар дайындалады. Институт түлектері бакалавр дәрежесінде жинаған білім қоржынымен, қару-жарақта тұрған барлық байланыс құралдарын пайдалану және жауынгерлік қолдану дағдыларымен әскерге қызмет етуге жіберіледі.

Радиоэлектроника және байланыс Әскери-инженерлік институтының 18 жылдық тарихында 200-ден аса офицер-байланысшы дайындалып, түлеп ұшты. Бүгінгі таңда олардың барлығы Қазақстанның Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында жауынгерлік борыштарын өткеруде.

142
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН