• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

13 қараша, 2019

Аягөз гарнизонының басшылығына әдістемелік көмек көрсетілді

Аягөз гарнизоны әскери бөлімдерінің басшылығына әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсету мақсатында ҚР Қорғаныс министрлігінің офицерлерімен кешенді ақпараттық-түсіндіру жұмысы көрсетілді.

Гарнизонда мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілермен, жас офицерлер мен сержанттар құрамымен, әскерге шақырушылардың ата-аналарымен кездесулер өткізілді. Жеке құрамға «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты ҚР Президенті Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіріп, тұрғын үй және зейнетақымен қамтамасыз  ету заңнамасына қатысты заңды кеңестер берілді.

Министрліктің офицерлерімен жеке құрамның әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, бөлімшелердегі моральді-психологиялық ахуал қарастырылды, әскери ұжымдағы салауатты моральді-психологиялық жағдай жасауға бағытталған ақпараттық-тәрбие және идеологиялық жұмыстарды ұйымдастыру мәселелеріне қатысты әдістемелік және тәжірибелік көмек көрсетілді.

«Ел тірегі» республикалық әскери-патриоттық акция аясында ақпараттық-түсіндіру тобы әскери қызметке қабылдау тәртібі мен шарттарына, жастардың әскери-патриоттық тәрбиесін жандандыру басты назар аударды. Осыған байланысты бүгін үздік әскери қызметшілерді запасқа шығарылатын салтанатты шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды және өткізілді. Қолбасшылық олардың үлгілі қызметтерін атап өтіп ата-аналары мен жақындарына алғыстарын білдірді.

Ата-аналардың бірі – Орал Қожабаев 1982-1984 жылдары өзі әскерде болған танк бригадасында бүгін ұлы қызмет атқарады. Орал Қазжанұлы өзінің армиядағы кездерін еске алып, қайтадан танкист киімін киіп қана қоймай жауынгерлік машинасына да отырды.

«Қарулы Күштер басшылығының арқасында ұйымдастырылған шара кезінде балаларымыздың әскери қызметті қалай атқарып жүргенін көруге мүмкіндік болды. Тура 35 жыл бұрын мен, осы танк ротасында зеңбірек дәлдеушісі, танк командирі, кейін рота старшинасы болып қызмет еттім. Казармаға барып, қызмет жолымды еске алдым. Бұл жерге келгеніме қуаныштымын. Бүгінгі күні мен үшін ыстық болған бөлімде, енді ұлым қызмет атқарады. Оны әскери қатарда сап түзегенін көргеніме өте қуанышты және ризамын», - деп ойымен бөлісті.

Сонымен қатар мерзімді әскери қызметі енді ғана басталатын, қазіргі күзгі әскерге шақырылған әскерге шақырушыларды шығарып салу рәсімі де өтті.

«Мен Талдықорған қаласынан әскерге шақырылдым. Енді осында, Аягөзде қызметімді өтейтін боламын. Бөлімде қажетті жағдайлармен толықтай қамтамасыз етілдік, біздермен сержанттар және командирлер тығыз жұмыс жасауда. Қазіргі таңда ант қабылдауға, сапта қадам басып, қару ұстауды үйреніп жатырмыз. Мен әскерде қызмет ететініммен мақтан тұтамын», - деді қатардағы сарбаз Асылбек Баукенов.

«Ел тірегі» акциясы аясындағы маңызды оқиғаның бірі жергілікті оқушылар арасында да өтті. Жас патриоттар «Жас Сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарын толықтырды. Тәрбиеленушілер компьютерлік сынып пен робототехникадан жеке әзірлемелерін көрсетті.

Айта кетейік, ақпараттық-түсіндіру тобының құрамында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Орталық ансамблінің әртістері, әскери спортшылар мен отбасы мүшелерімен жұмыс бөлімінің өкілдеріде Аягөз гарнизонына барды. Шығармашылық ұжым өнер көрсетсе, әскери спортшылар балаларға мастер-класстар өткізді.

138
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН