• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

14 желтоқсан, 2019

Санкт- Петербургте ҰҚШҰ Әскери комитетінің отырысы өтті

Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы-мемлекеттердің әскери ынтымақтастықты дамыту мәселелері жөніндегі Әскери комитеттің 15-ші отырысы Санкт-Петербург қаласында өтті. 

Отырысқа Армения, Беларусь, Ресей, Тәжікстан елдерінің Бас штаб бастықтары, Қырғыз Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары мен ҰҚШҰ Біріккен штабының бастығы қатысты. Қазақстан Республикасы тарапынан Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - ҚР ҚК Бас штабының бастығы  генерал-майор Мұрат Бектанов.

Қатысушылар 2020 жылға арналған әскери саланың басым бағыттарын талқылып, оларды іске асырудың шараларын қарастырды. Одан басқа ұжымдық қауіпсіздік аумақтарында әскери қауіпсіздіктің қыр көрсетулер мен қатерлерін сараптады.

Тараптар «Жауынгерлік достастық - 2019» біріккен ауқымды оқу-жаттығуын өткізу қорытындыларымен бөлісіп, ұжымдық күштерді басқаруды жетілдіру мен ҰҚШҰ мүше мемлекеттердің Қарулы Күштеріне қарасты авиациялардың халықаралық ұшуларына қатысты мәселелерді шешу жөнінде пікір алмасып, сонымен қатар, ұжымдық күштердің мүддесіне қатысты материалдық қаражат запасын құру талқыланды. Күн тәртібіндегі басты тақырыптардың бірі 2021-2025 жылдарға арналған әскери ынтымақтастықты дамыту жоспарын құру болды.

Генерал-майор Мұрат Бектанов қазақстандық тарап ұйымның болашағына айтылғандарды жүзеге асыруға жан-жақты көмек көрсетілетінін айтып және күн тәртібіндегі сұрақтарға қатысты қорғаныс ведомствосының позициясымен бөлісті.

 «Біз үшін Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығын мерекелеуге арналған бірлескен іс-шаралар маңызды болмақ. Сонымен қатар қауіпсіздік сұрақтары бойынша ақпарат пен пікір алмасуды жалғастыру сөзссіз қажет», - деді ол.

Санкт-Петербург қаласына сапары аясында делегация басшылары «Отан-Ана» монументіне гүл шоқтарын қойып, Ленинград шайқасы мұражайының экспозициясын көрді және Ленинград шайқасының құрбандары мен Ленинград майданының жауынгерлерін жаппай жерлеу орындарының бірі–Пискарев ескерткіш зиратына барды.

 

Анықтама. ҰҚШҰ Әскери комитеті Ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын жоспарлау мен қолдану мәселелерін жедел қарау үшін кеңеске қажетті ұсыныстар дайындау ҰҚШҰ Қорғаныс министрлері кеңесінің жанынан құрылды.

238
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН