• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

18 желтоқсан, 2019

Әскери мамандықтың үздік өкілдері марапатталды

Бірінші рет өткізілген «Әскер тарланы» сайысының жеңімпаздарын ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығында  марапаттады. Байқау оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстан Қарулы Күштерінің үздік әскери қызметшілерін анықтауға бағытталып, Тәуелсіздік күніне орайластырылған.

Үміткерлерді іріктеу төрт кезеңде өткізілді. Олар әскери бөлімдер мен мекемелерде, өңірлік қолбасшылықтар мен әскер тектерінде, әскер түрлері мен Қарулы Күштер ауқымында. Жауынгерлік еңбектері «Әскер тарланы» жүлдесіне лайықты деп танылған әскери қызметшілер еліміздің түрлі өңірлерінен таңдалынып алынған. Сонымен қатар іріктеу кезінде жауынгерлік даярлық бойынша ай сайынғы бақылау сабақтарының, бақылау және қорытынды тексерулердің нәтижелері, әскери қызметшінің жауынгерлік және мемлекеттік-құқықтық даярлық іс-шараларына белсенді қатысуы, оның қызметтік сипаттамасы, тәртіптік жазалардың және әкімшілік құқық бұзушылықтардың болмауы, моральдық-іскерлік қасиеттері, сондай-ақ психологиялық тұрақтылық деңгейі ескерілді.

18 әскери мамандық бойынша үздік әскери қызметшілер анықталды.

Бір жүлде өткен жылы жауынгерлік даярлық нәтижелерінде ең жоғарғы нәтижеге қол жеткізген кіші сержант Есболат Уснатдиновқа берілді. Әскери қызметші жауынгерлік машина экипажын басқарып, өзінің қызметтестеріне үлгі бола алады.

Үздік ұшқыш Армия халықаралық ойындарының бірнеше мәрте жеңімпазы, ауқымды оқу-жаттығулардың қатысушысы авиациялық эскадрилья командирі майор Ермек Мұханов атанды.

Соңғы уақытта Әскери-теңіз күштерінде бөлімшесі алдыңғы қатарда көрінген миналық-тартқыш корабльдің командирі 3-ші дәрежелі капитан Медет Сұлтанов үздік теңізші жүлдесіне ие болды. 

Қазақстандық әскерде үздік мерген атағы, тұрақты түрде халықаралық сайыстар мен оқу-жаттығуларында өзінің шеберлегін дәлелдеп жүрген сержант Бектораз Нұрсұлтанға берілді.

Барлау-іздестіру әрекеттерін шебер меңгерген және қол астындағыларды үйрете білген 3-ші сыныпты сержант Әзиз Сындарқұлов үздік барлаушы деп танылды.

Бітімгершілік миссия құрамында бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша міндеттерді үлгілі орындағаны үшін «Жыл бітімгері» номинациясы бойынша капитан Арман Тастанбеков жеңімпаз атанды. Ол Чехия мен Үндістанда бітімшілерді даярлау курсынан өтті, БҰҰ-ның Ливан миссиясына жіберер алдында үшінші қазақстандық бітімгершілік ротасын дайындауға қатысты, бейбітшілік пен халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапаттары бар.

Аумақты минадан тазартуға байланысты, білгір және жанкешті әрекеті үшін үздік сапер ретінде инженелік-саперлік взводтың аға сержанты Жәнібек Бекжанов танылды.

Жауынгерлік даярлық пен тапсырылған қару-жарақтың жауапты сақтағаны үшін сержант Ельдар Тұрақбайдың еңбегі жоғары бағаланды. Қару-жарақ командирі үздік артиллерист деп танылды.

Ең үздік байланысшы Армиялық халықаралық ойындардың «Сенімді қабылдау» байқауының жеңімпазы, радиопеленгация бойынша ең үздік маман, радиостанция бастығы кіші сержант Дидар Сейсенбаев болды.

Сондай-ақ, марапатталушылардың қатарында еңбегі байқала бермейтін, алайда онсыз әскерді елестету мүмкін емес маман иелері де болды. Олар: материалдық-техникалық қамтамасыз ету маманы, әскери полиция қызметкері, әскери дәрігер, спортшы, байланысшы, Әуе шабуылына қарсы қорғаныс саласының маманы, тәрбиеші-офицер және оқытушы.

Айта кеткен жөн, қорғаныс ведомствосы басшылығының шешімі бойынша конкурс жыл сайын үздік әскери мамандарды анықтау және көтермелеу, сондай-ақ әскери қызметке қажетті дағдыларды арттыру үшін өткізіледі.

240
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН