• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

20 желтоқсан, 2019

Оңтүстік өңірдің әскери бөлімдері мен мекемелері тексерілді

Қазақстанның қорғаныс министрі Шымкент, Арыс гарнизондары мен Түркістан қаласына жұмыс сапарымен келді.

Арыстағы әскери бөлімде болған төтенше жағдайдың салдарын жою жөніндегі жұмыс, атап айтқанда қару-жарақ, әскери техника және инженерлік-саперлік батальонының жабдықтары: саперлерді зақымдаудан қорғайтын «Доспех» сонымен қатар, «Сокол», «Тень» қорғау костюмдері тексерілді.

Әскери бөлім командирінің міндетін уақытша атқарушы – штаб бастығы полковник Темірбек Ерімбетов ұйымдастырылған жұмыс, жұмсалып жатқан күш пен құрал, орындалған және жоспарланған іс-шаралар жөнінде баяндады. Дәл сол күні оны ҚР қорғаныс министрінің бұйрығымен тағайындаған әскери бөлімнің командирі ретінде таныстырды.

Министр жеке құрамды батальон ретінде құрылғанымен құттықтап, қызметте табыс, оқу-жауынгерлік міндеттерді одан әрі атқаруға қатысты тілек білдірді.

Одан басқа, жарылғыш құралдарды залалсыздандыру мамандарының дайындық барысы тексерілді. Өткен айда шетелдік мамандардың ұсынымдарын ескере отырып, жарылғыш заттарды іздеу, табу және жою жұмыстары жөніндегі кәсіби мамандарды дайындайтын арнайы курстар ашылды.

Қазіргі кезде Арыс маңында жеделдетілген топ жұмысын жалғастырылып, оқ-дәрілерді басқа қоймаларға жеткізу жұмысы орындалуда. Жалпы барлық кезең бойынша әскери мамандар қоймадан 1250 ш.м. астам аумаққа оқ-дәрілердің қалдықтарын іздеу мен жинау жүргізілді. Сүңгуір топ 30 шақырымға жуық жергілікті өзеннің арнасын тазартты. Әскери қалашықта 13 тұрғын үй, әкімшілік-қазармалық аумақта 16 ғимарат қайта қалпына келтіріліп, Арыс-Шардара жолының 7 шақырымына жөндеу жұмысы жүргізілді.

Қызметтік іссапар барысында әуе шабуылына қарсы бригада оқу-жаттығу дабылы бойынша қауырт көтерілді. Кезекші күштер мен құралдар шартты қарсыласты анықтау мен оны жою жөніндегі оқу-жауынгерлік мақсатын толықтай орындады. Қорытынды ретінде әскерлерді жауынгерлік әзірлікті одан әрі дамыту жөнінде нұсқаулар берілді.

Түркістан қаласына сапар барысында облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаменті және «Түркістан» әуежайындағы әскери секторына қатысты әкімшілік ғимараттарының жобалары таныстырылды. Оларды тапсыру мерзімдері 2023 пен 2024 жылдардың тамыз айларына жоспарланған.

256
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН