• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

21 желтоқсан, 2019

ҚР ҚК Әскери-тарихи музейі құнды эскпонатпен толықты

Нұр-Сұлтан қаласында ҚР ҚК Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Әскери-тарихи музейіне Санкт-Петербург қаласының Пискарев ескерткіш зиратынан әкелінген қасиетті топырақ салынған капсула салтанатты түрде берілді.

Аталған капсуланы бүкіл жоралғысын жасай отырып, «Ескерткіш аумағы» іздеу жасағының өкілі, Санкт-Петербург журналистер одағының және Ресей Федерациясы Кинематографтар одағының  мүшесі Шерхан Әбілов салтанатты рәсіммен тапсырды. Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне аталған іздеу жасағының командирі Майдан Құсайынов іс-шараны өткізуге қолдау көрсету туралы өтініш білдіріп, қорғаныс ведомствасының қолдауына ие болды.

Бұдан басқа, музейге «Вечный Ваш подвиг в сердцах грядущих поколений» деп аталатын үстел медалі, ленталар, неміс және орыс тілдеріндегі насихаттау қағаздары, сондай-ақ деректі фильмдер мен Пискарев ескерткіш кешені туралы қосымша ақпараттық материалдар берілген болатын.

1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысының тарихында Пискарев ескерткішінің маңызы зор. Бұл зиратта Ленинград майданында қаза болған 420 мың  бейбіт халық, сондай-ақ шайқаста мерт болған 70 мың сарбаз бен офицер жерленген. Ұлы Отан соғысында Ленинград майданына қазақстандықтар да қатысқан. Пискарев зиратындағы бауырластар қорғанында біздің де отандастарымыз да жерленген болуы мүмкін.

235
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН