• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

12 қаңтар, 2020

Оқушылар «Қара майорға» құрмет көрсетті

Алматы қаласының әскери-патриоттық клубтардың тәрбиеленушілері мен оқушылары интернационалист-жауынгерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Жас тұрғындар аты аңызға айналған Қазақстан Қарулы Күштерінің полковнигі Борис Керімбаевтің ерлігін еске алды.

Шараға 100-ден астам балалар, әскери оқытушылар мен ата-аналар қатысты.

«Ерлік сабақтарының бірінде осындай іс-шараны өткізу идеясын әскери қызметшіге ұсындық. Мен үшін Борис Төкенұлы - аңыз адам. Оның қызметі, солдаттарға деген қамқорлығы туралы оқыған кезде, көзіме еріксізден жас келді,» - дейді №95 жалпы білім беретін мектептің 10 сынып оқушысы Кемар Ясмин.

Гүл шоқтарын қою рәсімінен кейін қатысушылар «Қара майордың» жеке заттары қойылған офицерлер үйіндегі әскери-тарихи мұражайға барды.

Борис Төкенұлы Керімбаев 1948 жылы 12 қаңтарда Алматы облысының Прудки кентінде дүниеге келген. В. И. Ленин атындағы Ташкент жоғары жалпы әскери командалық училищесін бітірген. Офицерлік қызметін Германияда мотоатқыштар взводының командирі ретінде бастады.

1973 жылы барлау ротасының командирі болып тағайындалды, екі жылдан кейін Ортаазиялық әскери округінің бөлімше командирі болып тағайындалды.

1980 жылы ОАӘО 22-ші бригадасының базасында арнайы мақсаттағы 177-ші жеке отряды құрылды, оның командирі Борис Керимбаев болып сайланды.  177-ші отрядтың жауынгерлік қызметі Ауғанстанда барлау іздестіру жұмыстарын және операцияларды жүргізу болып табылады.  

Жасақтың сәтті әрекеттерінің нәтижесі ретінде Панджшер ауданындағы Ахмад шахтың келісімге келу шешімі болып танылды. Ол ұрыс қимылдарын тоқтып, Кеңес әскерлерін шатқалдан шығаруды талап етті.

Сол соғыста қызметтестері «әке» деп атаған Керімбаев басқарған жасақта адам шығыны аз болғанымен есте қалған. Естеріңізге сала кетейік, «Қара майор» 2019 жылы 12 ақпанда ұзақ аурудан көз жұмды.

353
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН