• Қарулы күштердің 2020 жылғы ұраны "Қуатты армия - ел тірегі!"

Жаңалықтар

24 қаңтар, 2020

Десантты-шабуылдаушы әскерлер парашютпен секіруді орындады

Десантты-шабуылдаушы әскерлерінің 2020 жылғы қаңтардағы жауынгерлік даярлық жоспарына сәйкес Талдықорған, Алматы және Қапшағай гарнизондарында 800 метр биіктіктен Ми-17 тікұшағынан 1000 десантшы парашютпен секіруді жүзеге асырды.     

Олардың арасында жүз шақты мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер алғаш рет секіруді орындады.

Десант-шабуылшы әскерлер қолбасшысы басқармасының әуе-десант дайындығы бөлімінің офицері подполковник Ержан Смайылов атап өткендей, секіруге жіберілген барлық әскери қызметшілер алдын ала дайындықтан өтіп, парашютті ретке келтірудің барлық кезеңдерін үйренді. Бөлім психологтары моральдық-психологиялық жағдайды тексерді, өйткені ол секіруге рұқсат беру және кешенді сынақ болып табылады. 

 «Парашютпен секіру – бұл үлкен позитив сыйлайды. Тікұшақтың бортында қорқыныш пен шаттық сезімдері аралас. Иықтан қағып белгі берілгеннен соң, секіруің керек. Сол сәтте ерекше сезімге кенелесің. Парашютің ашылған кезінде, десантшылардың қатарына қосылғаныңды түсінесің», - деп өз сезімімен бөлісті мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Марат Қасым.  

Парашютпен секіргендердің арасында қыздар да бар. Атап айтқанда, радиотелефонисттер қатардағы жауынгер Смағұлова Диана мен Әуелбекова Зура. Әйелдер арасында 2020 оқу жылында бағдарламаны алғаш рет жүзеге асырған нәзік жандыларға командирдің атынан әуе-десанттық даярлық ісіне белсенді қатысқандары үшін грамоталар табыс етілді.   

2020 оқу жылына арналған жауынгерлік даярлықтың бағдарламасы бойынша десантшылардың 10 000 жуық секірулері жоспарланған.

249
Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты
Қазақстан Республикасының  Премьер-Министрі ресми сайт
Қазақстан Республикасының Үкiметi
100 нақты қадам баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет
Стратегия 2050
100 жаңа есім
Бас әскери прокуратура
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
ҚР Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті
Қазақстан Республикасының Электрондық үкіметі
РМК  «Kазарнаулыэкспорт»
North Atlantic Treaty Organization
Құрлық әскерлері Әскери институты
Әділет
KADEX
«Қазконтент» АҚ
ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы атындағы Ұлттық қорғаныс университеті
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
Қазақстан - Ұлы Дала Елі
Жұмыс
ТМД Қорғаныс министрлерінің кеңесі
Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлiгiнiң ресми сайты
Ақсауыт
Ақпараттық сервис
Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытуған арналған Бағдарлама
Президенттік жастар кадр резерві.
Мобильный ЦОН